«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сұлулық дүкені

2016 жылғы 11 Шілде
- Шымкент қаласы
11945 просмотров

Оқу курстары жаңадан кәсіп бастаған бизнесмендерге өз ісін кеңейтуге көмектеседі 

Шымкент тұрғыны Жанель Жарқынбекова  биылғы жылдың сәуір айында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес-мектебінде оқыды. Содан соң табиғи косметика дүкенін ашып, үнділік косметика фирмасының Шымкенттегі жалғыз дистрибьютрі атанды. 

Жанель – экономика ғылымдарының кандидаты, екі жоғары білімі бар, банкте несие бөлімінің менеджері болып қызмет істеген. Интернет-сатумен де қосымша жұмыс ретінде шұғылданды. Ақша, тәжірибе  жинады. Бизнес негіздерін оқып-біліп, өз ісін ашпақшы болды. Пәтер сатып алып, жабдықтады, дүкен ретінде рәсімдеді. Жөндеді, сауда жабдығын сатып алды.

«Бизнес-мектеп өз ісімді бастаған кезімде алғашқы саты болды,– дейді кәсіпкер әйел. – Курстың басқа тыңдаушылары сияқты мен де құқықтық сауаттылық, маркетинг және бизнес-жоспарлау негіздерін оқыдым. Палата маған ЖК тіркеуге көмектесті. Енді қаржылық есептілікті дұрыс толтыру үшін  сарапшыларға өтініш жасаймын».

Кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқып-білу жеке бизнестің мәні  туралы түсінік  береді дейді Жанель.  

«Курс оқығанға дейін өз ісіңді ұйымдастыру еңбек нарығына  кірудің ең жеңіл жолы сияқты көрінетін. Бірақ тәжірибе жүзінде көптеген бөгеттер кезікті. «Бизнес-кеңесші» курсының жаттықтырушысы Қанат Әбілдабековтің жақсы білімі мен тәжірибесі жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге кедергілерді болжай білуге және жеңе білуге бірегей мүмкіндік берді», – дейді кәсіпкер әйел.

Еске салалық, «Бизнес-мектеп» – кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды, сонымен қатар  жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді бизнес негіздеріне баулитын қысқа мерзімді оқу. Оңтүстік Қазақстан  облысында ағымдағы жылдың басынан бастап 729 тыңдаушы оқыды, олардың ішінде 200 кәсіпкер өз ісін ашты және 100-і өз бизнесін кеңейтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер