Дана Жүнісова: «Тарихи қалыптасқан бір ғана жолға толығымен тәуелді болуға болмайды»
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісова тауарларды Украинадан Қазақстанға транзиттеу барысында теңіз портының мүмкіндіктерін пайдалану қажет деп есептейді
Өткен жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясы Украинаға қатысты Еркін сауда аймағы шартының әрекет етуін тоқтатқаны мәлім. Сонымен қатар осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Украина аумағынан келетін тауарлар да санкциялық тауарлар тізіміне енгізілді.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап РФ тағы бір жарлық шығарды. Соған сәйкес Украинадан Қазақстанға Ресей арқылы транзитпен келетін тауарларға ерекше тасымалдау тәртібі енгізілді.
ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісова атап өткендей, тасымалдау тәртібі біздің кәсіпкерлерге бірқатар талаптар қойды. Мәселен, тауарларды ішкі және сыртқы шекараларда кедендік органдар бекіткен нақты бір өткізу бекеттері арқылы барлық автокөліктер мен вагондарға ГЛОНАСС бітемесін қолдана отырып, кедендік сүйемелдеумен және бірнеше реттік кедендік тексеріс арқылы әкелуге болатын еді.
Ресей тарапынан қойылған бірқатар талаптарға қарамастан, отандық тасымалдаушылар мен импорттаушылар осы уақыт аралығында бір де бір рет аталған талаптарды бұзуға жол бермеген еді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, барлық жүктер инвойстарда мәлім етілген Қазақстандағы тағайындалған бекеттерге жеткізілді.
«Украинадан Қазақстанға тауар әкелудің жаңа тәртібін нақтылайтын жарлықтың әрекет ету мерзімі осы жылдың 1 шілдесі күні аяқталды. Бизнестің мүмкін болатын өзгерістерден хабарсыз қалуы қандай тәуекелдерге әкелетінін түсіне отырып, Ұлттық палата 20 маусымнан бастап түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. БАҚ-тар арқылы және украиналық контрагенттермен жұмыс істейтін, ҚР ҰКП-да бар кәсіпкерлер базасына ақпараттар таралытып, ҚР Үкіметі мен Ресей Федералды кедендік қызметіне ресми сауалдар жіберілді. Алайда, Ұлттық палата тарапынан қолданылып жатқан барлық әрекеттерге қарамастан, осы жылдың 4 шілдесіне дейін ресейлік тараптан Украинада келетін тауарлардың транизитіне қатысты қандай шешім қабылданғандығы туралы расталған ақпарат болмады», – дейді Дана Жүнісова.
ҰКП өкілі түсіндіріп өткендей, осы жылдың 1 шілдесі күні РФ Президенті Украинадан Қазақстанға тауар тасымалдауға қатысты алдыңғы жарлыққа өзгерістер енгізу туралы жаңа жарлыққа қол қойды. «Жаңа жарлық Украинадан Ресей аумағы арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға әкелінетін көптеген тауарларға тыйым салды деуге болады. Ресей аумағы арқылы СЭҚ ТН-ның Бірыңғай кедендік тариф бойынша 0%-дық кедендік баж бекітілген 1908 тауарлық позициясы қалды», – деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.
Айта кетерлігі, Ұлттық палата бизнеспен бірлесе отырып, ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифінде тасымалдаудың кедендік жарнасы ретінде нөлдік мөлшерлеме бекітілген тауарлық позицияларға талдау жасап үлгерді. Жүргізілген талдау әкелуге рұқсат етілген тауарлардың 95%-ы Украинадан Қазақстанға және Орта Азия елдеріне импортталмайтындығын айқындап берді.
Ұлттық палата бірнеше рет мәлім еткендей, бизнесті дер кезінде ақпараттандыру СЭҚ шарттарының түрлі жаңалықтары салдарынан туындайтын теріс әсерлерді азайту мен бұл туралы ескертудің тиімді құралы болмақ. Осы жолы да расталған мәліметтердің жоқтығы тағы да қазақстандық көліктік құралдардың кешігіп, Ресей аумағында тұрып қалуына әкеп соқтырды.
Дана Жүнісова тілге тиек еткендей, тұрып қалған көліктер мен вагондар туралы ақпараттар ай сайын өзгеруде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Смоленскіде Қазақстанға бет алған 20-дан астам автокөлік пен 80 вагон тоқтап тұр. Осы жылдың 30 маусымынан кейін Смоленскке жеткен көліктер мен вагондарды Ресейдің кедендік органдары кері қайтаруда.
«Атамекен» ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа жарлық күшіне енгенге дейін Смоленскке келіп жеткен көліктер мен вагондарды өткізуге көмектесуге ресми түрде өтініш білдірді. Ведомствоаралық өзара әріптестік шеңберінде Ресей Федералды кедендік қызметі қазақстандық кедендік органдарға 1 шілдеге дейін Смоленскке келіп жеткен 25 көлік рәсімделіп, Қазақстанға бет алғанын хабарлады. Вагондар бойынша ақпараттар нақтылануда.
ҰКП Басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, Смоленскке осы жылдың 30 маусымынан 1 шілдесіне қараған түні және одан кейін келіп жеткен барлық көліктер мен вагондар тасымалдаудың кедендік жарнасы мөлшерлемесі тексеріліп, соның нәтижесі бойынша шешім қабылдануда. Егер тауарлар ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифінің нөлдік мөлшерлемесі бойынша өтсе, онда тауарлар рәсімделіп, Қазақстанға жіберіледі, егер олай болмаса, транзиттік декларация жабылып, автокөліктер де вагондар да жіберу бекетіне қарай кері қайтарылады.
Дана Жүнісова түсіндіріп өткендей, қазіргі таңда Ресейде бірқатар елдерге қатысты арнайы біржақты экономикалық шаралар қолданылуда. Ол шаралар Кедендік одақтың нормативті-құқықтық базасымен реттелмеген әрі әр мүше елдің ерікті құқығы болып саналады. Оған қоса, «Атамекеннің» өкілі атап өткендей, 2010 жылдан бастап Белорусь, Қазақстан, Ресей және жақыннан бері Қырғызстан аумақтары бірыңғай кедендік аумақ болып саналып, өз кезегінде, Одақтың кедендік аумағында тауарларды тасымалдауға және Кедендік одақ елдерінің бірі енгізген тыйымдар мен шектеулерді сақтауға таңба қойылады.
ҰКП Басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, 1,5 жылдан астам уақыттан бері Еуразиялық экономикалық комиссия да, мүше елдердің уәкілетті органдары да Ресей аумағы бойынша транзит мәселесін реттеуге бірнеше мәрте талпыныс жасаған. 2014 жылдың желтоқсан айында ЕЭК алқасының Ұсынысы қабылданды. Соған сәйкес санкциялық саясат кедендік транзиттің кедендік рәсіміндегі ЕАЭО аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға жүргізілмеуі қажет. 2015 жылы Кедендік одақ елдерінің санкця енгізу кезіндегі өзара іс-қимыл механизмдерін әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңда тауарды әкелуден соңғы тұтынушыға дейінгі қадағалай жүйесі талқылануда. «Алайда Ресей аумағы бойынша транзитке қатысты мәселелер дерегі бойынша бүгінгі таңда ешбір өзгерістер жоқ. Жақын болашақта Кедендік одақтың уәкілетті мемлекеттік органдары бәтуаластық тауып, кәсіпкерлерге кері әсерін азайтатын шешім қабылданады әрі тауарларды импорттау барысында қосымша қаржылық жүктемелер алынып тасталады деген үміттеміз», – деді Дана Жүнісова.
Оның сөзіне сенсек, Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Үкіметіне бірқатар стратегиялық маңызды тауарларды РФ аумағы арқылы транзиттеу мүмкіндігін қарастыруға қатысты сауал жіберген. Ол санатқа отандық өндірістің технологиялық процесстері тікелей тәуелді тек қана өнеркәсіптік тауарлар ғана кіреді. Бұл жерде сөз санкциялық тізімде көбірек орын алып тұрған азық-түлік тауарларына қатысты болып тұрған жоқ.
Оған қоса, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, сауалдарды қарау нәтижелерінен кейінгі ресейлік тараптың шешімі біздің тауарлардың еш кедергісіз өтуіне кепілдік бермейді, осыған байланысты ол қазақстандық кәсіпкерлерден орын алған жағдайға байланысты тәуекелдер мен қаржылық шығындарды өз беттерінше бағалауды сұрады.
«Біз өз тарабымыздан осы жағдайлар туралы бизнесті palata.kz ресми сайты арқылы жиі хабардар етіп отырамыз,украиндық контрагенттермен келісім жасасқан және қолда бар келісім шарттары туралы мәліметтер ұсынған импорттаушыларға ақпарат тараттық. Экономикалық интеграция департаменті кәсіпкерлер үшін Украина аумағынан транзиттелетін тауарлар мәселесіне қатысты жедел желі ұйымдастырды, – деді Дана Жүнісова. – Келіп жатқан сұрақтардың басым бөлігі тасымалдаудың кедендік жарнасы мөлшерлемелеріне, өту мүмкіндіктеріне қатысты болуда. Сондықтан мөлшерлемесі Бірыңғай кедендік тариф бойынша 0%-дан жоғары тауарларды РФ аумағына тасымалдауға тыйым салынады».
ҰКП өкілі РФ-ның Украинадан келетін тауарларды тасымалдауға қатысты тыйым салу туралы жарлығы Ресей аумағына ғана таралатындығына және Беларусь Республикасы аумағы бойынша жүк тасымалдауды реттемейтіндігіне ерекше назар аударды. «Яғни Кедендік одақтың аумағына Белоруссияның сыртқы шекарасы арқылы кіргенде, жаңа талаптарға сәйкес ЕАЭО БКТ бойынша тауарларды сәйкестендіру жүргізілетін РФ аумағынан автокөлік құралдарын кері қайтару қаупі бар. Сондықтан қандай да бір тауарды Украинадан Қазақстанға жоспарлы тасымалдаудан бұрын, сол тауардың ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес тасымалдаудың кедендік жарнасы 0% екендігіне көз жеткізіп алуларыңызды сұраймыз», – деп сөзін жалғады Дана Жүнісова.
Оның айтуынша, ҰКП бірнеше рет Украинадан Қазақастанға жүкті Қара теңіз бен Каспий теңіздерінің порттары арқылы тасымалдау туралы баламалы бағыт туралы мәселе көтерген. «Бүгінгі таңда бұл мәселе өте өзекті. Иә, бұл бағытта барлығы кедір-бұдырсыз еместігін мойындауымыз керек, соған қарамастан, Ақтау порты арқылы бағыттың әлеті мен келешегі айтарлықтай жоғары. Қазіргі таңда Түркиядан Қазақстан мен Қырғызстанға келетін жүктің 70%-дайы аталған бағыт бойынша жеткізіледі. Қазірде біз оны Украинадан жүк тасу үшін де қолдануды ұсынудамыз», – деді ҰКП басқарма
Әрине, жүкті жеткізу бағытын таңдағанда, тиімді жеткізу мерзімі мен тасымалдауға мүмкіндік беретін жайлы логистика негізгі фактор болып саналады. Осы жағынан алғанда, порттар арқылы баламалы бағыт Ресей арқылы құрлықтық бағытпен бәсекелесе алмай отыр. ҰКП өкілінің пікірінше, бұл бағытта жұмыс істеуге болады әрі Транскаспий бағыты елдері Үкіметтерінің, темір жол әкімшіліктерінің және порттар әкімшіліктерінің, бизнестің ортақ күш біріктіруімен жеткізу мерзімі мен фрахт құнын мейлінше азайтуға қол жеткізуге болады.
Дана Жүнісованың пікірінше, баламалы бағыттың бәсекеге қабілеттілігін өсіру қажет. «Тарихи қалыптасқан бір ғана бағытқа тәуелді болуға болмайды. Бұл жағдайда Транскаспий бағытын пайдалану мүмкіндіктерін дамытуға шақырамыз. Ол үшін бізге тұжырымдық шешімдерді табу мақсатында аталған жеткізу жолдарындағы кедергілер мен түйіткілді сәттерді нақты анықтау қажет: тасымалдауға тарифтерді азайту, мерзімдерді қысқарту, тауарларды жеткізу сапасын арттыру және т.б. Одан бөлек, қазіргі жағдайды назарға ала отырып, бағыттың бәсекеге қабелеттігін арттыру мақсатында Ұлттық палата баламалы бағыттардың хронометражын жүргізуді ұсынады. Біздің көзқарасымызша, осыған қатысты әрі мүдделі барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың көмегімен біз бұл жұмыста нақты бір табыстарға қол жеткізе аламыз», – деді Дана Жүнісова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Голубев О.Н.
Администратор
Мы вышлем на Ваш e-mail файл, в котором Вы найдете перечень товаров с 0 таможенной пошлиной.
В случае, если у Вас возникнут дополнительные вопросы, Вы можете обратиться в Департамент экономической интеграции по телефону 8 (7172) 91-93-73.