«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үйретсе, тәтті тағам да дайындаймын

2016 жылғы 07 Шілде
- Павлодар облысы
12198 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері мектеп және колледж оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуде

Токарь немесе тәтті тағам дайындайтын маман?  Дәнекерлеуші   немесе заңгер?  Қызықты және қажетті мамандықты қалай таңдауға болады? Мектеп партасынан бастап не істеп, не қоятыныңды айқындап алу керек дейді мамандар.  

Мектеп оқушылары тәтті тағам дайындайтын мамандықпен танысып, тәтті тағам дайындау үдерісін өз көздерімен  көруі үшін өңірлік Кәсіпкерлер палатасы «Крендель»  ЖШС-на саяхат ұйымдастырды.

Палата сарапшысы Гүлмира Ұзақова балаларға тәтті  тағам дайындау қай заманда де қастерлі іс екендігін әңгімеледі. Қазіргі күнде де тәтті тағам дайындайтын маманның нәзік талғамы, қиялы, шығармашылық қабілеті болуы тиіс. Қазір бұл сала өрлеу үстінде, жаңа технологияны, аспаздықты белсене меңгеруде.

Торт әзірлеу цехын көрген балалардың аузы ашылып қалды.  Ертегі әлеміне кіргендей, кондитерлік өндірістің шеберлерін, көріністерін  көрді. Сиқыр  сырын сезінгендей, бәріне таңырқай қарады.

Саяхат барысында балалар талай сұрақ жаудырды, технология иірімдерінен бастап өндіріс сырларына дейін қаныққысы келді.

Кондитерлік өндірісті көрген бала тәтті тағам дайындайтын мамандықты үйренуге ден қойды.

Өңірде оқытудың дуальдық жүйесін енгізудің Жол картасы  аясында 38 шарт жасалды.

Экспериментке 403 маман дайындауға атсалысып жатқан 28 кәсіпорын және 11 колледж  қатысты.

Облыстың 13 кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы меморандум жасау оқытудың дуальдық жүйесін  дамытуға септігін тигізіп жатыр. Балаларды 112 кәсіпорында тәжірибелі ұстаздар оқытады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер