Тимур Құлыбаев: «Жалған кәсіпкерлік туралы заңды жою керек»
ҰКП Төралқа Төрағасы «Атамекен» Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастауға бар күшін жұмсайтынын мәлімдеді
ҰКП басшысының қатысуымен өткен Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің жиынындағы басты тақырыптардың бірі осы болды.
ШҚО – «жалған кәсіпкерлер» жасайтын келісімнен жауапты кәсіпкерлер көп зардап шегетін өңірдің бірі. Өңірлік палата директоры Игорь Шацкойдың айтуынша, облыстағы әрбір үшінші кәсіпкерге «бір күндік фирмалармен» жасалған келісімі үшін жалпы сомасы шамамен 50 миллиард теңге көлемінде салық түсіп жатыр.
«Жалған кәсіпкерлердің» кесірінен облыста тіркелген кәсіпорындардың 40%-ын банкротқа ұшырату мүмкін», – дейді Өңірлік палата директоры. Оның сөзіне сенсек, өңірдегі құрылыс материалдарын шығарушылардың барлығы заңның осы бабынан зардап шегіп отыр.
2016 жылдан бастап ҰКП-ға Қазақстанның көптеген өңірінен (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласынан) 150-ден аса кәсіпкердің шағымы келіп түскен.
ҰКП номиналды фирмалардың атынан жасалатын заңсыз әрекеттерді тыю үшін Қылмыстық кодекстен осы бапты алып тастау керек деген пікірге келді.
«Жалған кәсіпкерлік туралы заңды жою керек. Осы ұсынысты ары қарай жүргізуіміз керек», – деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.
ҰКП төралқа төрағасы жалған кәсіпкерлік туралы заң Қазақстанда 1997 жылы Ресейдің мысалына қарап енгізілгенін айтты. 2014 жылы ҚК жаңа нұсқасын жасаған кезде бұл бапты алып тастау туралы сөз болған, бірақ кейін сақтап қалады. Нәтижесінде, «жалған кәсіпкерлік» құрамы өзге қылмыстарды қайталаумен ғана келеді. Өзегіне үңілсек, салық төлемеудің, банк несиесін төлемеудің, алаяқтықтың бір сылтауы ғана. Сондықтан Ресейде бұл бапты 2010 жылы алып тастаған.
«РФ бұл заңның нәтижесіз екеніне көз жеткізген соң 2010 жылы оны жойды, ал біз әлі күнге дейін жабысып отырмыз, құқық қорғау органдары да бұл заңды жібергісі жоқ», – деп айтты ҰКП төралқа төрағасы.
Тимур Құлыбаев ҰКП өзінің пікірін Үкімет жиналысында айтқанын, әділет министрлігінің басқаруымен комиссия құрылып, «Атамекен» өз кезегінде бұл заңның жойылуына бар күшін жұмсайтынын мәлімдеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: