«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шипажай әрі қонақүй бизнесі

2016 жылғы 07 Шілде
- Ақмола облысы
10065 просмотров

Бурабай ауылының тұрғыны курорттық аймақта тұтас бір қонақүй кешенін ұйымдастырды

2006 жылы Омбыдан өзінің тарихи отанына оралған Бақытжан Құсайынов осы маңайдан жер телімін сатып алған болатын. Екі жыл бойы Құсайыновтар отбасы оны абаттандырумен айналысты.

«Барлық жерде қоқыс тау болып үйіліп жатты. Алдымен бәрін тазалап ретке келтірдік, содан кейін өзімізге шағын үй салдық, ал 2008 жылдан бастап өз қаражатымызға киіз үй орнатып, тағам пісіріп ұсына бастадық. Халыққа бұл ұнады», – дейді кәсіпкер.

Осылайша бұрын ен дала болған жерде бірінен соң бірі ағаш кесінділері пайда бола бастады. Бірақ, олардан үй салу үшін қосымша қаражат қажет болды. Құсайынов енді банктен несие сұрады, алайда бірден, құжаттарды рәсімдеу кезінде-ақ қиындықтар туындады. Содан Бақытжан Құсайынов өңірлік Кәсіпкерлер палатасының Бурабай аудандық филиалына биылғы жылдың қысында келіп көмек сұрады, мұндағы мамандар оған мемлекеттік қолдаудың құралдары жайында консультация берді.

Сөйтіп кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтады. Одан бөлек, филиалдың консультациялары мен жобаны сүйемелдеуінің арқасында ол «Бизнестің жол картасы-2020» аясында үш миллион теңге несие алды. Бұл қаражат ғимаратты жөндеуге, коммуникацияларға, қажетті жиһаз бен құрал-жабдық сатып алуға жұмсалды.

Бүгінде «Омич» қонақүй кешені өзінің бірінші келушілерін қарсы алуда. Оларға монша, балалар алаңқайы қызмет көрсетеді, және де ең бастысы, жақын жерде жағажай бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер