«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Даяшы болу да – өнер

2016 жылғы 07 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
9934 просмотров

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанынан тамақтандыру саласының мамандарын оқытуға арналған Ресурстық орталық ашылды

Орталықтың басты міндеті – мейрамханалар мен дәмханалардағы сервистің деңгейін көтеру. Рестораторлардың айтуынша, даяшы немесе бармен болып жұмысқа тұрған жастар бұл жұмысты оқу мен басқа тұрақты жұмыс орнының арасындағы «бастапқы саты» санайды. Ресурстық орталық бұл жағдайды жақсы жаққа қарай өзгертуге бағытталған. Дәл осы жерде даяшыларды, бармендерді, әкімшілерді жұмысқа салмақты әрі шығармашылық жағынан қарауды оқытады. Осылайша сервисті эстетикалық мәдениет дәрежесіне көтермек. Курс тәмамдалғанда тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар табысталады. 25 адамға дейін топтап оқыту 2 айға есептелген. Оқу ақылы.

СҚО Рестораторлор мен отельерлер қауымдастығы төрағасы Сайран Хамзиннің айтуынша, Ресурстық орталық құру туралы идея көптен ойында жүрген екен. «Оның өз атауын толықтай ақтайтынына және жоғары кәсіби мамандар түрінде ресурстар дайындайтынына сенімдімін. Біз курстан өтетін даяшы-тыңдаушылардың алғашқы легін жинауды бастаудамыз. Оқу жоспары мынандай: теория – 30%, тәжірибе – 70%. Тыңдаушылар тәжірибелік машықтарын кабинеттерде де, мейрамханаларда да шыңдайды. Осы саладағы әріптестеріміз бізді қолдап, алаңдар, кейін жұмыс орындарын ұсынуға көмектеседі деп ойлаймын. Курсқа барлық ниет білдірушілер шақырылады. Бұл өте қызық мамандық», – деп мәлімдеді ол.

Айта кетерлігі, Ресурстық орталық өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, облыстық білім басқармасы мен колледж басшылығының көмек көрсетуімен СҚО Рестораторлор мен отельерлер қауымдастығының бастамасы негізінде құрылды.

«Бұл орталық жұмысты жақсартуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты және тамақтандыру саласы бизнесіндегілердің алдынан шығатын басқа да маңызды мәселелерді шешуге көмектесе алады. Бүгін біз қол қойған төрт жақты келісім облысымыздағы экономиканың басқа салаларында да осындай ұйымдар құруға үлгі болады деген сенімдемін», – деп есептейді СҚО КП директоры Тұрар Ысқақов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер