«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ауылшаруашылық кооперациясы» операциясы

2016 жылғы 05 Шілде
- Алматы қаласы
6720 просмотров

Алматы мен Павлодар облысы өзара тауар айналымы туралы меморандум бекітті

Алматыда Елбасының импортты алмастыру және тауар бағасын арзандату мақсатындағы қазақстандық құрам үлесін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде мақсатты жұмыстар жалғасуда. Бүгін Алматы және Павлодар облысының әкімдіктері Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен келіссөздер жүргізді.

«Біз жылына 11 миллиард долларға тауар тасимыз. Егер тауарларды ел аумағында сатып алып, сататын болсақ, қаржы да ел аумағында қалады. Алматы – шикізатсыз өңір. Бізде Павлодар облысымен өзара тиімді әріптестік ұйғарылуда. Алматыға қажетті нәрсе Павлодарда бар, Павлодарға қажетті нәрсе Алматыда бар», – деп атап өтті Павлодар облысымен өзара тауар айналым туралы меморандумға қол қою кезінде Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

«Алматыда шикізат базасы жоқ, соған байланысты қала өнеркәсібінің басым бөлігі қайта өңдеу секторына – тамақ, машина жасау, металлургия және құрылыс индустриясына тиесілі. Мегаполисте 1530 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның 105-і ірі және орта өнеркәсіп. Қаланың өнеркәсіптік компаниялары 2015 жылы 646 миллиард теңгеге өнім өндірді, ол ЖӨӨ-нің 5 пайызына тең. Осыған байланысты мегополиске елдегі өзге аграрлы өңірлермен белсенді әріптестік пен өзара сауда-саттықты жолға қою қажет», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөліміің бастығы Нариман Әбілшайықов.

«Бүгінгі таңда Алматы өзін бар-жоғы 35%-ға (28% – ҚР өңірлері, 37 – импорт) ғана азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл импортты алмастыру үшін қомақты қор мен отандық компаниялардың белсенді қатысуын қажет етеді деген сөз. Қала импортының құрылымына жүргізілген талдау көп көлемде импортталатын 86 тауар тобын анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен, тұтынылатын ірімшіктің жартысы мен құс еті, 40%-дан астам шұжық өнімдері мен сары май импортталады. Мұның барлығын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ел ішінде өндіре аламыз. Осыған байланысты импортты алмастыруға бағытталған 48 инвестициялық жобаның тізімін жасадық. Қазіргі таңда отандық компанияларды импортты алмастыруға белсендірек қатысуға шақырудамыз және өндірісті қала аумағында жерсіндіру бойынша жұмыстар атқарудамыз», – деп мәлімдеді Алматы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев.

Тараптар кездесу аясында мегаполиске қышқыл сүт, ет, балық өнімдерін, кондитерлік және басқа да азық-түліктерді жеткізу туралы келісімге келді. Естеріңізге салат кетейік, Алматы әкімдігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдіктерімен осындай жиналыстар өткізген еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер