«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарызды қайтаратын уақыт келді

2016 жылғы 05 Шілде
- Ақмола облысы
7734 просмотров

Танымал ақмолалық кәсіпкердің басындағы жағдайды мемлекеттік органдар шиеленістіріп жіберді

«Инсект» ЖШС Степногорск қаласының құрылыс бөлімінен қарызын өндіріп беруге көмектесуін сұрап өңірлік Кәсіпкерлер палатасына өтініш білдірді. Бұл кәсіпорын мемлекеттік мекемемен монокенттің су құбырлары мен кәріздерін жаңалау бойынша келісім-шартқа отырған екен.

2014 жылы 25 желтоқсанда екі жақты жұмысты қабылдап алу актілеріне қол қойылған. Алайда, сәл кейіндеу құрылыс бөлімі кәсіпорынмен соттасады. 

2015 жылы 19 қаңтарда Ақмола облыстық арнайы ауданаралық экономикалық соты кәсіпорынның шағымдану талабын жартылай қанағаттандырып, мемлекеттік мекемеден бар-жоғы 25,5 млн теңге қарызды өндіру туралы шешім шығарады. Сол жылдың маусым айында Ақмола облыстық сотының кассациялық коллегиясы өндіріп алатын соманы 23 миллионға дейін кемітті. Нәтижесінде 2015 жылы 14 маусымды Степногорск жергілікті сот орындаушылар бөлімі құрылыс бөліміне «Инсект» ЖШС-на 22 962 500 теңге қарыз туралы орындау парағын толтырып береді, оған қоса мемлекеттік баж ретінде 688 870 теңге төлеуі тиіс деген. Бірақ неге екенін, мемлекеттік мекеме сот шешімін орындамапты. 

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері өтінішті зерттей отырып, 13 маусымда Ақмола облыстық әділет департаментіне сұрау салды. Ведомствоның жауабы таң қалдырды: «2016 жылғы 17 маусымда сот орындаушының қаулысымен борышкер – «Степногорск қалалық Құрылыс бөлімі» МБ меншігіне тыйым салынды» делінген.

Өтінішті қарастырып отырған Кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесінің мүшелерінің көкейінде лайықты сұрақ туындайды: Мемлекеттік мекеме бір жарым жыл бойы қайда қараған, тапсырыс берушінің қарызын қайтаруға не кедергі болған?

Құрылыс бөлімінің бастығы Елік Тасболтов пен Степногорск қаласының әкімі Сағандық Шабаров бұл әрекет бойынша тапсырыс берушінің жұмысы сапалы болмады, әрі бюджетте қарызды өтейтін сома жоқ деген желеу сөз айтты.

«Дәл қазір біз борышкердің қарызды өтеуі туралы сот шешіміне қатысты жағдайды қарастырып жатырмыз. Осы соманы бюджет комиссиясының назарына ұсындыңыздар ма?», – деп сұрады шенеуніктерден облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңнаманы қадағалау басқармасының бастығының орынбасары Қаныбек Тоқсанбаев.

Қанағатаннарлық жауапты кеңес мүшелері ести алмады. Сондықтан қорытынды былай шықты: Степногорск қаласының құрылыс бөлімі борышын өтесін, әділет департаменті – осы қарарды бақылауға алсын.

Ақмола облыстық прокуратурасына Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесі осы жағдай бойынша тексеріс жүргізуге кеңес берді. Соның нәтижесі бойынша кінәлілерді жауапқа тарту керектігі айтылды. Дәл сол кесімді Ақмола облыстық мемлекеттік істер бойынша департаментке де жолдады. Лауазымды тұлғалардың кінәлісін тауып, мойнына жүктелген міндеттерін дұрыс атқармағанын жауапқа тартылсын делінді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер