«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кірпіштің өнімді түрін шығарады

2016 жылғы 05 Шілде
- Жамбыл облысы
8665 просмотров

Мерке ауылының кәсіпкері Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы көмегімен өз бизнесін басқаша жаңғыртты

ЕрікОспантаев 2007 жылдан бері бизнеспен айналысады. Ол Қытайдан құрал-жабдық сатып алып, шағын цех ашып, құм блоктарын шығара бастады. Өткен жылы өндірісті әртараптандыруды ойға алып, көрікті безендірілген және кедір-бұдыр газ-бетон блоктар шығара бастады.

Оларға деген сұраныс көбейді, қай жағынан алсаң да өнімнің бұл түрі тартымды-ақ: осындай бір блок 18-20 кірпішті алмастырады, берік, жылы, өрт пен ылғалға төзімді  және адамға ешқандай қаупі жоқ.

Ол Мерке ауданында Кәсіпкерлер палатасы филиалы барын естіп, оған өтініш білдіреді және бұл шешіміне еш өкінбейді.

«Біздің кеңесшілер Интернеттен жабдық іздеп, оны өндіретін зауытпен байланыс орнатты, – деп әңгімелейді Мерке ауданындық Кәсіпкерлер палатасы филиалының  директоры  Лиза Әзізбекова. – Сонан соң Барнауылдан жабдық жеткізілді. Біз жобаға бастан-аяқ қолдау көрсеттік».

Қазір зауытта 10 еңбеккер еңбек етуде, бірақ Ерік Оспантаев бұл басы ғана дейді. Өндірісті кеңейтіп, жаңғыртып-жетілдіру жоспарлануда, оған бұл орайда Кәсіпкерлер палатасы филиалы қолдау көрсетіп жатыр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер