«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР СІМ басшысы: «Атамекен» ҰКП-ға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз»

2016 жылғы 05 Шілде
8547 просмотров

Дипломатиялық бизнес-клубтың құрылғанына жыл толды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша құрылған Дипломатиялық бизнес-клуб беделді пікір алмасу алаңына айналып үлгерді. Оның көмегімен қазақстандық бизнес өкілдері ең тартымды бизнес-жобаларын Астанада аккредитацияланған дипломатиялық корпуста таныстыруға мүмкіндік алды.

Бизнес-клубтың ұйыстырушы рөлі бүгін оның құрылуына жыл толғанына арналған кезекті отырысында атап өтілді. Кездесуді ашқан сөзінде сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов әріптес ұйымдарға ризашылығын білдірді, олардың арасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  бар.

«Мен біздің әріптестерімізге – «Атамекен» ҰКП-ға және Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевқа белсенді қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Біздің клубымыздың іске қосылуы сәтті болды, және де барлығы клубтың ғұмыры ұзақ әрі табысты болады деп сенетіні шүбәсіз», – деп атап өтті министр.

Клуб қызметінің қорытындыларын шығара отырып, Е.Ыдырысов шетелдік өкілдіктер басшыларының өңірлерге сапарлары мен ондағы бизнес-жобалармен танысуға қызығушылықтары артып келе жатқанын айтты. Қарым-қатынастың мұндай формалары жаңа инвестициялық жобалар туралы барынша мол ақпарат алуға ғана көмектесіп қоймай, сонымен бірге біртіндеп шетелдік инвестицияларды жандандыра түседі.

Бизнес-клубтың қызметінің маңыздылығын шетелдік дипломаттар да аса жоғары бағалады. «Мен осындай форматтағы ынтымақтастық біз үшін іскерлік топтармен байланыс орнату тұрғысынан өте пайдалы болады деп сенемін, сондай-ақ бұл әрбір елшіліктің аса маңызды міндеті – өздерінің бизнесмендері мен келген елінің бизнесмендері арасында қарым-қатынасты қамтамасыз ету міндетін шешуде өте қажет»,– деді palata.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников.

Елші мырза тек 2015 жылы ғана Қазақстанға Ресейдің түрлі өңірлерінен 135 бизнес-делегация келгенін атап айтты. «Бізде  экономикалық ынтымақтастық аясы өте кең. Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, технологиялар,  ғарыш салалары», – деп түйіндеді өз сөзін М.Бочарников.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер