«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Егер кәсіпкерлер дабыл қақса...

2016 жылғы 05 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
7753 просмотров

Жедел топтар кәсіпкерлердің құқығы бұзылған кезде шұғыл қимылдай білгені жөн

Өңірлік палатаның қатысуымен Прокуратура органдарында бизнесмендердің құқығы бұзылды деген шұғыл белгі берілгенде көмекке келетін жедел топтар құрылған.

Облыстық прокуратура басқармасының бастығы Жаннұр Ахметбектің айтуынша, 2015 жылы жедел топтар 45 өтінішті қарап, оның 10-ы нақты құқық бұзушылық екенін анықталған.

Орал қаласы прокуратурасына қарасты жедел топ салық органдарының «Уральскстройинвест» ЖШС-на заңсыз тексеріс жасауының алдын алды. Олар тексерісті тек жеке адамның шағымына бола жасамақ ниетте болған. Прокуратура қарсылық білдірген соң тексеріс болмады.

Осы жедел топ «КазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері берген табиғи монополиялар субъектілерін кәсіпкерлік объектілерге қосудың техникалық шарттардың белгілі уақытқа сай еместігін анықтады.

«Өткен мерзім ішінде жедел топтар лауазымды адамдардың құқық бұзуына қатысты 15 өтінішті қарады. Олардың 7-і рас болып шықты. Олар бойынша прокуратура шара қолданып жатыр, – деп атап өтті Жаннұр Ахметбек. – Мәселен, мемлекеттік кіріс басқармасы жеке кәсіпкер Нығметовті әкімшілік құқық жауапкершілігіне тартты. Кәсіпкерге ҚҚС бойынша есепке тұру туралы салық өтінішін уақытылы өткізбеген құқық бұзушылығы үшін айналымдағы қаржының 30%-ын айыппұл ретінде ұстап қалып, ол сома 16,6 млн теңгені құраған. Алайда, бұл құқық бұзушылық 2010 жылы болған екен. Сондықтан бүгінгі таңдағы заңнамалық өзгерістерді есепке ала отырып, айыппұл 15 АЕК сомасына ауыстырылды, яғни 29 730 теңгені құрап отыр. Прокуратураның араласуымен заңсыз қаулы күшіне енбеді».

Кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесі мүшелері жедел топтардың атқарып жатқан істерін мақұлдап отыр. Кәсіпкерлер өз құқын қорғау үшін прокуратураға жиі шағымданады. Жергілікті атқарушы және қадағалау органдары тарапынан жіберілген заңсыздықтарға қарсылық білдіріп жатыр.

«Егер құрамында кәсіпкерлер палатасының мүшелері бар жедел топтар қажетті үдеден табылып жатса, онда кәсіпкерлердің шағымына жедел түрде жауап беретін болады. Нәтижесі де айтарлықтай болмақ. Сонда барлық кәсіпкерлер тексерістерден пара беріп құтылу дұрыс еместігін түсінетін болады. Құқық қорғау органдары заңның ықтиятты орындалуын қадағалайтынына сенеді. Сонда жемқорлық та азая береді», – дейді Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің төрағасы Қайдар Қапанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер