«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ешкі сүтінің емдік қасиеті зор

2016 жылғы 05 Шілде
- Павлодар облысы
16440 просмотров

Баяғыда ұмыт қалған ешкінің сүтіне соңғы жылдары тұтынушылардың аңсары ауып тұр 

Азия құрлығын мекендеушілер мыңдаған жылдар бойы ешкі өсірумен айналысқан. Тіпті Гиппократ пен Ибн Сина да ешкі сүтінің пайдалы қасиеттерін атап өткен.

Үміт Ағымбетова – Алғабас ауылдық округінің Айнакөл ауылынан, ол осынау бір өте пайдалы сусынды өндіруді қолға алды.

Үміт Ағымбетова басқаратын «Бауыржан» шаруа қожалығы 2015 жылы құрылды. Шаруа қожалығы сүтті ешкілерді өсірумен айналысады.

Кәсіпкер әйел «Бизнес-кеңесші» және «Жобалық оқыту» бағдарламалары бойынша Ақсу қаласындағы палата филиалында оқыды.

Малшы болғысы келгендіктен палатаның көмегімен мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына қатысып, 3 миллион теңгені гранттық жүйемін жеңіп алды.

Бастамасы жақсы қожайын ханымның жоспары да зор. Ол нарықтың сұранысын сезіне отырып, ауылшаруашылық өндірісінде лайықты орынды иелену. 

Ешкі сүтінен бөлек қожалық иесі одан да пайдалы өнім – ешкінің ірімшігін жасауды қолға алмақшы. Әлден керекті құрал-жабдықтарды, ешкі сауатын құрылғыны сатып алған.

«Ешкі сүтінде керекті дәруменнің барлығы бар екенін ел біледі, адамның иммунитетін нығайтады. Ол үлкенге де, кішіге де аса пайдалы. Қазіргі таңдағы экологияның нашар кезінде ол таптырмас өнім. Сондықтан ешкі бағуды қолға алдым. Ақырындап көбейіп жатыр, қазірдің өзінде 25 лақ туды», – деп ағынан жарылды Үміт Ағымбетова.

«Бауыржан» шаруа қожалығында тағы бір ұлттық сусын шығарылады, ол – қымыз. Қожалық иесінің айтуынша, қымызға деген сұраныс өте көп. Жоспарда биелердің де басын көбейту бар екен.

Оған қоса қожалықтың мақсаты – ірі қара мал өсіру. 15 бұқа  сатып алынған.

«Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мақал дәл осы іскер әйелге арналғандай. Шаруашылық ісінен басқа ол Ақсу ауданындағы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Ол бизнес-бастамасы бар белсенді  ауылдастарын қолдап жүреді.

«Ауыл тұрғындарының кәсіп игеруіне қолдау көрсететін көптеген бағдарламалар баршылық. Адамның ниеті болса, кәсіпкерлер палатасының қолдауына ие болып, істі бастап кетуге болады. Ауылда отырып та кәсіппен айналысу мүмкін, мемлекет өзі қолдап, көмектеседі», – дейді Үміт Ағымбетова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер