«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» тауарларды Украинадан Қазақстанға транзиттік тасымалдауға қатысты қосымша түсініктеме берді

2016 жылғы 05 Шілде
13997 просмотров

ҰКП-да Ресей Федералды кеден қызметінің Қазақстандағы өкілдігінің қатысуымен РФ Президентінің тауарларды Украинадан Қазақстанға транзиттік тасымалдау туралы Жарлығына енгізілген өзгерістер талқыланды

Бұрынырақта хабарланғандай, осы жылдың 1 шілдесі күні Ресей Федерациясының Президенті осы жылдың 1 қаңтарындағы №1 Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Онда Украина аумағынан Қазақстанға Ресей арқылы транзитпен тауар тасымалдаудың ерекше тәртібі анықталған.

Ресей аумағы арқылы тасымалдауға тыйым салынған тізімге енгізілген тауарлар санатын түсіндіру мен айқын түсіну мақсатында осы жылдың 4 шілдесі күні «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісова мен Ресейдің Қазақстандағы ФКҚ Өкілдігінің қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Айта кетерлігі, Ресейдің ФКҚ Өкілдігінің түсіндіруіне сәйкес, уақытша тыйым салу әрекеті Украина аумағы арқылы Қазақстанға транзит арқылы келетін украиналық тауарларға да, үшінші елдерден тасымалданатын тауарларға да қатысты.

Осыған байланысты Украина аумағы арқылы үшінші елдерден (Түркия, Еуропалық одақ елдерінің кейбірі) келетін тауарларға қатысты тауар тасу бойынша осыған ұқсас тыйымдар салынған. Оларға және «санкциялық» тізімге РФ нөлден өзге (ЕАЭО БКТ-ға 0%-дан жоғары) кедендік тасымалдау жарналары мөлшерлемесін қолданады.

Сонымен қатар, Украинадан ҚР-на кіргізуге тыйым салынған жекелеген тауарларды тасымалдауға қатысты ҚР Үкіметінің сұранысына РФ Үкіметінің рұқсат беру құқы бар тармағына байланысты өзара әрекеттесу тәртібі ҚР Үкіметінің сұранысынан кейін анықталатын болады.

Қазіргі жағдай бойынша, Халықаралық автомобиль тасымалы одағының қосымша мәліметтеріне сәйкес, Смоленскіде қазақстандық компанияларға жөнелтілетін жүк тиелген 50-дей көлік тоқтап тұр, соның ішіндегі 10 көлік – отандық тасымалдаушылар. Аталған көліктер ЕАЭО-ның ішкі шекарасын осы жылдың 1 шілдесіне дейін кесіп өткен және «Красное» бақылау бөлімшесіне осы жылдың 30 маусымы күні келіп жеткен деп хабарлануда. Қазірде Ресей-Белорусь мемлекеттік шекарасында тұрып қалған көліктер туралы ақпарат анықталуда.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП барлық кәсіпкерлерге егер қазақстандық компанияларға келуі қажет тауар тиелген көліктер Ресей Федерациясының аумағына Жарлық күшіне енгенге дейін келіп жетіп, ол жақта күні бүгінге дейін тұрып қалған болса, оны растайтын деректер мен қажетті ақпарат беру туралы өтініш білдіруде.

Бұл ақпарат көліктерді ҚР аумағына өткізу бойынша ҚР және РФ кедендік органдарының ведомстоаралық өзара іс-қимылы деңгейінде шешу үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі.

Тұрып қалған көліктер туралы ақпаратты «Атамекен» ҰКП-нің Экономикалық интергация департаментіне мына телефон нөміріне 8 7172 91 93 73 және мына электронды мекен жайға: i.sadvakassova@palata.kz. жіберулеріңізді сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер