«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің ақшасы қалтасында қалды

2016 жылғы 04 Шілде
- Жетісу облысы
6502 просмотров

Палата мамандарының араласуынан соң кәсіпкер салық төлемейтін болды

Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкері Шолпан Қасымбаеваның өз дәріханасы бар. Жақында салық органдарынан хат келіп, төбесінен жай түскендей болды. Кәсіпкер айналымы  міндетті ҚҚС есебіне алу үшін бекітілген минимумнан асып кеткен. Кәсіпкер бұл туралы жалпы айналым сомасының бір бөлігін ҚҚС салынбайтын дәрі-дәрмектер құрайды, ал ҚҚС салынуы тиіс айналымның қалған бөлігі 42 млн теңгеге тең және бұл сома ҚҚС бойынша есепке алу үшін бекітілген шектен аспайды деген уәж айтқан болатын. Бірақ мұны аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің қызметкерлері назарға алмаған.

Дегенмен, Палата сарапшысы басқаша көзқараста. «ҚР Салық кодексінің 254 бабының негізінде қосымша құн салығынан кез келген түрдегі, 2009 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №133 қаулысында тізімі көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы заттарды сату жөніндегі айналымдар босатылады. Бұл мәселе бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен келіссөздер болып өтті. Кеңес берулер, растау құжаттарына қатысты егжей-тегжейлі түсіндірулерді даярлаудан кейін және облыс МКД-мен келіссөздер жүргізген соң кәсіпкер мемлекеттік кірістер басқармасына жазбаша түсіндірме ұсына алды», – деді жобаларды қолдау жөніндегі бөлім сарапшысы Анар Қалабаева.

Кәсіпкерге тауарлардың атауын, КО СЭҚ ТН кодтарын, растайтын құжаттармен қоса берілетін сомаларды белгілеу арқылы салық салынатын және салықтан босатылған айналымдарды жеке-жеке көрсету қажеттілігін түсіндірді.  Кейіннен бұл мәселеге кінәлі басты тұлға  салық органының нақ өзі екені де анықталды. Енді Шолпан Қасымбаева ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрмайтын болды, демек, бұл салықты төлеудің де қажеті жоқ деген сөз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер