«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қырманнан сөреге дейін

2016 жылғы 04 Шілде
- Жамбыл облысы
8923 просмотров

Жамбылдық агрономдар ауыл шаруашылығын фин технологиясы бойынша жүргізуді меңгерді

Жамбыл облысының аудандарындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ауыл кәсіпкерлеріне кәсібін дамытуға барынша көмектесіп жатыр. «Ақтасты» шаруа қожалығы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалының тұрақты клиенті. Қожалықтың негізгі қызметі – мал өсіру. Егін егу, негізінен, малдың жем-шөбін қамтамасыз ету үшін қосалқы жүргізіледі.

«Кәсіпкер мемлекеттік қолдау аясындағы қажетті кеңестерді Қордай аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығынан алды. Орталық қажетті құжаттарын дайындап, жинауға, бизнес-жоспарын құруға қол ұшын берді. «Алтын асық» деген мемлекеттік бағдарлама бойынша «АгроНесиеКорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалында кәсіпкер 12 миллион 400 мың теңге сомасындағы несиеге қол жеткізді. Оған 500 бас саулық, 20 қошқар алмақшы. Қазіргі таңда кәсіпкер жобасын іске асырып жатыр», – дейді аудандық филиал директоры Ержан Әден.

Аталған жедел өркендеп келе жатқан қожалықтың иесі Талғат Сәрсембаев ауыл шаруашылығына қатысты жаңа тәжірибе туралы үнемі құлағдар болып, алдыңғы қатардағы технологияларға қызығушылық танытуда. Қордай аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының қолдауымен әрі ұсынысымен, тағы да екі қожалықтың иелері Балғабай Сырлыбаев пен Бақыт Айдашовпен бірлесе отырып, Талғат Сәрсембаев бір аптаға Финляндияға агротур жасап келді. Оны «Қазақстан Аграрийлері» Өңірлік қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.

«Кәсіпкерлер мұндай мүмкіндікті қолдан жібермеу керек деп ойлаймын, – дейді Ержан Әден, – Өйткені, Хельсинкиге келгеннен кеткенге дейінгі жол ақысын өзіміз төлегеніміз болмаса, қалған барлық шығынды Финляндияның ауыл және орман шаруашылығы министрлігі өз мойнынан алды».

Бір апта бойы біздің кәсіпкерлер ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығына, үш бірдей алдыңғы қатарлы, заманауи технологияға сүйенген қожалыққа, яғни «қырманнан сөреге» дейінгі ұстанымға берік жүйені көріп, заманауи сүт өнімдері фермасын аралап, комбикорм зауытын, ірі қара мал жемдейтін кешен, ауыл шаруашылығының жабынды модульдерін, биогаз бен тыңайтқыш шығаратын қи өңдеу зауытын, жем салатын құрылғыларды көзбен көріп қайтты.

«Онда көргеніміздің бәрі – заманауи технологиялар, еңбекті ұйымдастыру біздің де шаруашылық қожалықтардың аяғынан тік тұрып, дамуына септесер еді», – деген сенімде Талғат Сәрсембаев, Жуырда ол «Ырыс» деген мемлекеттік бағдарламаға құжаттарын реттеп, өткізді, 43 миллион теңге сомасында несие алды. Оған сүт-өнімдері фермасын дамытып, жүз бас ірі қара малын сатып алмақшы. Ферма салынып болды, оның жобасы мақұлданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер