«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата қызметінің ашықтығына көз жеткізді

2016 жылғы 04 Шілде
- Жамбыл облысы
8783 просмотров

Шу қаласы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің медициналық орталық ашуына көмектесті

«Пульс және компания» ЖШС директоры Нина Таровик өз бизнесін кеңейтпек ниетте дәріханалардан бөлек, процедуралық-диагностикалық кабинеттер ашуға бел буады.

«Бұл компания Шу қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасынан осы жобаға сервистік қолдау көрсетуін сұрады, – деді аудандық филиал директоры Асқар Комаев. – Біздің кеңес берушілер бизнес-жоспар жасады. Кәсіпкер Тараз қаласына бармас үшін, біз «Центр Кредит Банк» екінші деңгейлі банкімен келіссөздер жүргізіп, Кәсіпкерлерді қолдау орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, банкирлер мен бизнесменнің бейнебайланыс арқылы тілдесуіне мүмкіндік жасадық. Кеңес берушілердің көмегімен 15 күннің ішінде банкке қажетті барлық құжаттар пакеті жиналды. Өтінім оң шешімін тапты». Бұдан кейін Кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары бейнебайланыс арқылы несиелік-пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мәселесі бойынша «Даму» қорымен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде 8 миллион теңгеге тең жылдық мөлшерлемесі 4% болатын жеңілдікпен қаржыландыруға ие болған.

Екі ай өткен соң Шу қаласында «Пульс және К» медициналық мини-орталығы ашылып, онда төрт жұмыс орны құрылды.

«Кәсіпкерлер палатасына сапалы әрі тез берілген көмегі үшін алғыс білдіремін. Енді, былтыр біз төлеген 158 мың теңге көлеміндегі төлемдер шынымен де «Атамекен» деп аталатын Кәсіпкерлер шаңырағына берілетінін көрдік. Негізінде, қауымдастықтардағы осыған ұқсас қызметтер бұдан бірнеше есе қымбатқа түседі. Сонымен бірге, біз шын мәнінде бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шараларының жекілікті екеніне қанық болдық және Ұлттық палата қызметінің ашықтығына көз жеткіздік», – деді Нина Таровик. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер