«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дуальды оқытудың артықшылықтары

2016 жылғы 04 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
9891 просмотров

Өңірдегі өндірістер мен колледждер сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін бірігіп жатыр

Облыстағы екі колледж – құрылыс пен көп салалы технология колледждерінде «Өнеркәсіп механигі» және «Өнеркәсіп электригі» деген мамандықтарға жұмыс біліктілігін беру үшін кешенді түрде тәжірибелік аралық емтихан өтті.

Облыстағы ең ірі өндіріс орындары колледжермен келісімшартқа отырды. Олар дуальды жүйе бойынша мамандар даярлау ісіне атсалысатын болады. Олардың қатарында – "ВостокМашЗавод", "AES Усть-Каменогорская ТЭЦ", Өскемен арматура зауыты, "Востокпромэлектромонтаж", Конденсатор зауыты, "Промтехмонтаж", Бұқтырма цемент компаниясы, «Казцинк Ремсервис» бар.
Құрылыс колледжінің 34 студенті мен көп салалы технология колледжінің 16 студенті осы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибелерін сәтті өткізді. Әрбіріне ұстаз тағайындалып, арнаулы киім беріліп, қорғаныс бұйымдары таратылған. Колледждің оқу-материалдық базасын толықтыру үшін Бұқтырма цемент зауыты Құрылыс колледжіне цифрлық бағдарламамен басқарылатын токарьлық станок сыйлады.

AES компаниялар тобының Қазақстандағы президенті Дүйсен Мерғалиев өз компаниялары үшін дуальды жүйемен оқытылатын мамандардың біліктілік нәтижесін көруге қызығушылық танытып отыр.

Оның айтуынша, кәсіпорынның біліктілігіне сай келетін маманды даярлауға өндіріс орындары да атсалысуы керек. Сонда өндіріске нақты талапқа жауап бере алатын маман келмек. Оларды қайтадан оқытып, үйретіп әуре болмайды. Бұл еңбектің өнімділігін арттыратын шаруа.

Көп салалы технология колледжінде біліктілік емтиханын өткізу үшін Өскемен ЖЭО қажетті шығын материалдарын қамтамасыз етті.

Біліктілікті бекіту үшін жасалған біліктілікті анықтайтын емтиханды өткізу үшін өңірлік Кәсіпкерлер палатасы арнайы тәуелсіз комиссия жасақтады. Оның құрамында кәсіпорындардың өкілдері, жобаға қатысушылар (AES Өскемен ЖЭО,  «Промтехмонтаж» ЖШС,  «ВостокМашЗавод» АҚ, «Казцинк Ремсервис» ЖШС, «Усть-Каменогорский конденсаторный завод» ЖШС) және Палата сарапшылары болды.

Нұргүл Айдаболова бастаған «ҚР дуальды жүйе бойынша оқытудағы стратегиялық альянс» жобасы емтиханды қадағалады, әрі Германиядан келген сарапшылардың назарына ұсынды. Олар мамандық бойынша кеңес беру мен бейімдеу үшін немістің бағдарламаларымен көмек көрсетті.

Өкілетті қазылардың пікірінше, студенттер нақты білімдері мен біліктілігін көрсетті.

Құрылыс колледжінде даярлықтан өткізіліп жатқан «Өнеркәсіптік механигі» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне «электрдәнекерлеуші» біліктілігі берілді. 3-курс студенттеріне «фрезерлеуші» біліктілігі берілді. «Электргаздәнекерлеуші» біліктілігіне үміт еткен 19 студенттің үшеуі тапсырманы орындай алмады. «Фрезерлеуші» біліктілігіне тапсырған 15 студент емтиханды тиянақты орындады. 

Көп салалы технология колледжіндегі 16 студент «Электромонтер» біліктілігіне емтихан тапсырды. Электр бұйымдарын жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсету бойынша 7 студент 4-разряд, 6 студент 3-разрядқа өтті, 3 студент тапсыра алмады.

Жазғы демалыс кезінде студенттер тапсырған біліктілігі бойынша алған сертификатты жұмыс берушіге көрсетіп, өндірістерге жұмысқа тұруына болады.

«Аралық біліктілік анықтау емтихандары бітті. Алда түлектердің біліктілік бойынша бітіру емтиханы бар. Қазірдің өзінде жұмыс тобы, оның арасында колледж өкілі, өндіріс пен Шығыс Қазақстан өңірлік Кәсіпкерлер палатасының сарапшылар бар, теориялық және тәжірибелік мазмұнына мән бере отырып емтихан алудың жоспарын құрып жатыр. Басты мәселе, студенттің кәсіби даярлық деңгейін бағалау. Оларға тәжірибелік мамандықтары бойынша біліктілік тағайындау. Мұндай тағайындау тәуелсіз бағалауға сүйенбек. Жұмыс берушінің біліктілікті беруі мен кәсіби дайындықтан өткізу үшін заңнама аясында тәуелсіз бағалау деңгейін, өткізу пішінін бекіту керек», – дейді Шығыс Қазақстан өңірлік Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Роза Бисикенова.    

«ҚР дуальды оқытуды енгізу» халықаралық жобасын өткізу тәжірибесі Өскемен колледждерінде GIZ-дің қолдауымен жүрді. Оған Кәсіпкерлер палатасы қатысты. Бұл жоба екінші республикалық педагогикалық оқуларында ұсынылып, Құрылыс колледжі 2-орынды иеленді.

Мамандарды дуальды жүйе бойынша оқыту облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ордаларында сенімді түрде еніп, жұмыс берушілердің қолдауына ие болып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер