«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәлімгерлерді неміс әдісімен дайындайды

2016 жылғы 01 Шілде
10286 просмотров

«Атамекенде» дуальды оқытудың аралық нәтижелері талқыланды

Қазақстан-Германия білім беру жобаларының басшылары Ұлттық кәсіпкерлер палатасында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Герман халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамының (GIZ), Трир қаласы Кәсіптік палатасының және ӨКП-ның қатысуымен өткен жиналыста дуальды оқыту саласындағы жүзеге асырылатын халықаралық жобалар кооперациялары туралы сөз болды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин «Атамекен» ҚР ҰКП мен Трир қаласы Кәсіптік палатасының кәсіби білім беру саласындағы әріптестік жобаларды жүзеге асыруы туралы баян етті. Оның негізгі мақсаты – кәсіпорындарда өндірістік (дуальды) оқытуды ұйымдастыру арқылы жұмыс берушілердің тапсырысын қанағаттандыруға көмектесу. Жоба Трир қаласы Кәсіптік палатасының нақты механизмдері негізіндегі құрылысшы-әрлеуші (Астана); жиһазшы ағаш шебері (Алматы); туризм бойынша менеджер (Алматы); электромеханик (Тараз); металл жонушы (Талдықорған); аспаз (Қызылорда); электр-газбен дәнекерлеуші (Шымкент) сияқты 7 талап етілетін мамандық бойынша өндірістік оқытуды ұйымдастырудағы ӨКП мен кәсіпорындардың рөлін арттырады.

Жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылды: Астана, Алматы, Тараз қалаларында кәсіпорындардың тәлімгерлері мен ӨКП сарапшыларына арналған 10 оқыту семинары өткізілді; кәсіпорынның ұсыныстарын есепке алу үшін жобаға қатысушы колледждердің оқу жоспарларындағы өзгерістер бойынша кеңестер әзірленді. Германиядағы кәсіби білім беру мекемелерінде: Германиядағы Кәсіпшілердің орталық одағында, білім беру министрлігінде, экономика министрлігінде, Федералды кәсіби білім беру институтында, Кобленц пен Трир қалаларының кәсіптік палаталарында, кәсіби мектептерде және т.б. оқыту сапарлары жүзеге асырылды. Астана, Атырау, Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Петропавловск қалаларындағы кәсіпорындардан барлығы 50 тәлімгер тәлімгерлерге арналған «Кәсіби және еңбек педагогикасы. Тәлімгерлердің аттестациясы» неміс оқу курсы бойынша оқытылды. Неміс сарапшыларымен қатар тәлімгерлерді қазақстандық кәсіпорындардың мамандары да оқытты. Тәлімгерлерге арналған семинарларға қатысушылар қорытынды емтиханды тапсырған соң тәлімгерлерге арналған болашақ тренерлер, яғни тәлімгерлік мультипликаторы ретінде қосымша оқу оқиды.

GIZ-дің аға кеңес берушісі Райнер Гертц атап өткендей, Қазақстанға дуальды оқыту жүйесін енгізу мәселесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы маңызды рөл атқарады әрі оған салмақты тапсырмалар жүктейді. «ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевпен кездесулердің бірінде біз кәсіпорындарға арнап түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешімге келгенбіз, сонда олар дуальды оқытудан қандай пайда көретіндерін түсінеді. Осы жұмысты жүргізу қажет. Қанатқақты жұмыс тұрғысынан алғанда біздің осы жобаларымыз дуальды оқыту кәсіпорындарға қандай артықшылықтар беретіндігін көрсету үшін идеялар тудыра алар еді», – деді ол.

Райнер Гертц «Атамекеннің» назарынан тыс қалмауға тиісті бірнеше сәттерді атап өтті. Мәселен, оның айтуынша, оқыту туралы шарттардың бірыңғай стандарттарын әзірлеуге қатысты мәселенің маңызы зор.

Германиядан келген сарапшы, сондай-ақ жоба тәлімгерлері қандай біліктіліктерді меңгерулері қажеттігі туралы ойлануға әрі осы мәселе бойынша ережелер әзірлеуге кеңес берді.

«Дуальды оқытудағы стратегиялық альянс» жобасының атқарушы басқарушысы Нұргүл Айдаболава Қазақстанға дуальды жүйені енгізу тарихын айтып өтті. «2014 жылы Назарбаев-Меркель жобасының аясында Қазақстанға берілген неміс білім беру стандарттарын бейімдеу боынша дайындық жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы неміс кәсіпорындарымен бірге «Дуальды оқытудағы стратегиялық альянс» жобасы басталды. Бұл үш мамандық: HeidelbergCement неміс компаниясымен бірлескен Өскемен құрылыс колледжі базасындағы өнеркәсіптік механик; Қарағанды облысындағы Теміртау политехникалық колледжі базасындағы Evonik Industries ірі химиялық концернімен бірлескен автоматтандырылған техника электроншысы және ауылшаруашылық техникасының мехатронигі. Бұл мамандық бойынша осы оқу жылында Ақмола облысында CLAAS John Deere және оның өкілдерімен Қазақстаннан СТ Agro және Eurasia Group Kazakhstan компаниялармен бірлесе отырып жұмысты бастаймыз», – дейді ол.

Айдаболава жобаны жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтарға тоқталып өтті. Сондай-ақ Ұлттық палатаға аталған біріккен жұмысты жетілдіру жөніндегі өзінің ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, оның айтуынша, облыстық деңгейдегі өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қызметкерлері жүйелі түрде біліктіліктерін арттырып тұрулары қажет.

Оған қоса ол жоба тәлімгерлерінің біліктілігін тілге тиек етті. «Барлық дерлік тәлімгерлер жастармен жұмыс істеуде педагогикалық және психологиялық машықтарға ие емес. Олармен жұмыс істеу қажет», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер