«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Диплом аласың, жұмысқа тұрасың!

2016 жылғы 01 Шілде
- Жетісу облысы
8430 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы бизнес, құқық және жаңа технологиялар  колледжі түлектерін жаңа мамандықтар игеріп, біліктілігін арттыруға шақырды

Қазір Қазақстанның оқу орындары түлектеріне аттестаттар мен дипломдар берілуде. Диплом алған мыңдаған жас жұмыс іздейді. Бірақ бәрінің бірдей жолы бола бермейді. Адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Ардақ Қашқарованың пікірінше, мұның да өз себептері бар. Талдықорған бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжі дипломдарын тапсыру салтанатында сөз сөйлеген сарапшы түлектерді жаңа мамандықтарды қайтсе де игеріп, біліктілікті арттыруға шақырды.

«Талапкерлер оқу орнын таңдаған кезде болашақта  жұмысқа орналасу мүмкіндігін ойланбайды. Тек соңғы курста ғана таңдаған мамандығы, жұмысқа орналасу жайлы ойлана бастайды. Сіздер өмірде дұрыс таңдау жасады деп сенеміз. Бүгінгі диплом – сіздердің қабілеттеріңіз мен таланттарыңызды мойындау  белгісі,  бұл марапат қажырлы еңбектеріңізді ардақтап,  бұдан былай да өзін-өзі жетілдіруге ынталандыруымыз», – деп қосты А.Қашқарова.

ӨКП колледж түлектеріне жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған ақпараттар топтастырылған «Бизнестің 100 идеясы» анықтамасын тапсырды.  

Бизнес, құқық және жаңа технологиялар  колледжі  бастауыш білім, ақпараттық жүйе мамандарын, аудармашылар, заңгерлер мен қаржыгерлер дайындайтынын айта кетелік.

Кәсіпкерлер палатасының Текелі қаласындағы филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов Текелі колледжінің түлектері кешінде «Үздік диплом жұмысы» конкурсы жеңімпаздары мен лауреаттарына сыйлықтар тапсырды.  

Оқу орны Дуальдық оқытудың жол картасына қатысуда. Көбіне электр-газбен дәнекерлеушілер өндірісте теория мен тәжірибені меңгереді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер