«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда отандық тауар өндірушілерге арналған үкіметтік емес стандарттар әзірленеді

2016 жылғы 30 Маусым
9425 просмотров

«Атамекенде» отандық кәсіпорын стандарттарының түрлерін қолдану жайы түсіндірілді

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеуші өнеркәсіп департаментімен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелге машина жасау салалық қауымдастықтары – Қазақстан машина жасаушылар одағы, Қазақстан кабель зауыттары одағы, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы, ҚазАвтоӨнеркәсіп және «АгромашХолдинг» АҚ кәсіпорындары, «Alageum electric», «Торговая компания КамАЗ» ЖШС, «Целингидромаш» ӨК, «Бёмер Арматурен Казахстан» ЖШС өкілдері және басқалар қатысты. 

Салалық қауымдастықтарға отандық кәсіпорындар стандарттарының түрлерін, оларды сыртқы және ішкі нарықта қорғауды ескере отырып қолданудың тәртібі түсіндірілді. Айталық, «КазИнСт» РМК халықаралық стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану әдістерін, Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын қолдану арқылы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарды көрсету ескерілетін техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру бойынша мемлекеттік сатып алулар жөніндегі заңнамадағы жаңа талаптарды таныстырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар «КазИнСт» РМК-ның аталған бағытта жүргізіп отырған жұмыстарын мақұлдады.

Талқылау қорытындылары бойынша өңдеуші өнеркәсіптің басқа салаларында стандарттарды қолдануды түсіндіру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ, өңірлерде ӨКП-мен бірлесіп отандық кәсіпорындардың стандарттарды қолдануына түсіндірмелер жүргізу туралы осындай дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.

«КазИнСт» РМК «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп машина жасаудағы 2017 жылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін қарау және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдануы тұрғысында осы өнімдерді өндіретін отандық кәсіпорындарды анықтау тапсырылды.

Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу қажеттігі де айтылды.

2017 жылға Мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізу үшін тізбеде жоқ тауарлық топтар бойынша ұсыныс-өтініштерді жасау жөнінде жоспарлар белгіленді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер