«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ғылым экономикаға жұмыс істеуі қажет

2016 жылғы 30 Маусым
- Шымкент қаласы
11800 просмотров

Ғылыми зерттеулер жоғары оқу орындарының қабырғасында қалып қалмай, экономикамызға жұмыс істеуі қажет

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы мен өңірдегі жетекші жоғары оқу орны – М.Әуезов атындағы ОҚМУ өткізген «Бизнес және ЖОО: кәсібилерді дайындау мақсатындағы әріптестік» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Бизнесмендер және ЖОО мен колледждердің профессорлары, оқытушылары «бизнес-ЖОО» өзара әрекетінен туындайтын мәселелерді қызу талқылады. Шара бір ғана мақсатты көздеді: ЖОО-ның облыс кәсіпкерлерімен бірлескен жұмыстарын күшейту.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров атап өткендей, ең көкейтесті мәселе – экономиканың жетекші салаларына жоғары кәсіби мамандар даярлау. Палата құрылғаннан бері бизнесмендер жас, дайындығы бар кадрлар тауып беру туралы өтінішпен келетін болған. Бұл мәселені шешу үшін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, «Дуальды білім беру жүйесінің жол картасы» әзірленіп, оны Үкімет мақұлдады. Аталған бағдарламаның аясында 611 қазақстандық кәсіпорын 10 000-нан астам студент даярлауға өтінім жасаған, соның ішінде өтінімдердің басым көпшілігі ОҚО-дан келген – 2 000 студент. 89 оңтүстік қазақстандық кәсіпорын жеңіл өнеркәсіп, металлургия, ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.с.с. 9 сала бойынша маман даярлауға өтінім беріпті. Осы бағытта атқарылған жұмыстардан кейін бизнес-қауымдастық ҰКП құрамындағы кәсіпкерлерді 10 мемлекеттік жоғары оқу орындарының бақылау кеңестерінің құрамына енгізуге қол жеткізді. ОҚО бойынша дуальды оқыту Әуезов атындағы ОҚМУ мен ОҚО-ның 28 колледжіне енгізілді. Бұл білім беру мекемелері кадр мәселесінде сұраныс пен іріктеу өлшемдерін есепке ала отырып, бизнеспен әріптестік орнатуға дайын болып щықты. Жаңа білім беру жүйесі бойынша дайындалған мамандар 2017 жылы оқуларын тәмамдайды. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бұл түлектердің өзгелерден ерек болатынына сенім білдіріп отыр. Олар заманауи, тиімді, кәсіпорындарды басқара алатын жоғары білікті мамандар болмақ.

Университеттің ғылыми зерттеулерін коммерциялау мәселесі де қызу талқыланды. Бизнес өзінің өндірісіне енгізуге боларлықтай инновацияларға қаржы төлеуге дайын. Мәселен, «Планта» ЖШС өкілдері жақында бір дәріні дайындауға байланысты мәселе туындағанын айтты. Дәрі-дәрмектің қажетті химиялық құрамына қол жеткізу үшін оларға ресейлік, украиналық және белоруссиялық жоғары оқу орындарына тапсырыс беруге тура келген. Өкінішке қарай, оның нәтижелері қанағаттандырмаған. Енді жергілікті жоғары оқу орынының мүмкіндігін бағамдаған соң, олар бұл тапсырысты ОҚМУ-ға беруге, оған қаржы төлеуге дайын.

«Мұндай әріптестіктің оң жақтары ғана бар: университет инновациялық экономиканы дамыта отырып, бизнес өкілдерінің тапсырыстарын орындайды, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді коммерциялау жүріп жатады, соның нәтижесінде университет мемлекетке көп тәуелді болмайды, – деп атап өтті Әуезов атындағы ОҚМУ-дың проректоры Марат Сатаев. – Сонымен қатар компания үшін кадр мәселесі шешіледі. Ал енгізу үшін келешегі бар ғылыми-зерттеу жобалары студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануға көмектеседі».

Конференцияға қатысқан «Карлскрона», «Бал-текстиль», «Асыл Арман» сияқты алдыңғы қатарлы кәсіпорындар ЖОО-мен бизнес-әріптестік орнатуға және мамандарды бірлесе отырып даярлауға дайын екендіктерін айтты. «Гибкий камень» фирмасының директоры Гүлнара Жолдыбаева өзге бизнесмендерді жастарды өз бизнестеріне белсенді түрде тартуға шақырды: «Өндірісімді енді аяғынан тұрғыза бастағанда, дәл студенттерден көптеген тиімді идеяларды алдым. Бұл әлі консервілене қоймағандықтан, студенттердің миларының жылдамырақ әрі жасампазырақ жұмыс істейтіндігімен түсіндіріледі».

Конференцияны қорытындылай келе, оған қатысушылар бизнестің болашақ мамандарды даярлауға ЖОО-мен қатар қатысуы қажет екендігін атап өтті. «Бүгінде Қазақстандағы білім беру экономикасындағы ұжымдық бизнестің үлесі 1%-дай, ал Батыста бұл көрсеткіш 30%-ға дейін жетеді. Мұндай қатысу көрсеткіші бизнес тарапынан бақылауға да қатысты – компаниялар білім беру бағдарламаларының мазмұнын, аудиторияларды жабдықтауды тексеріп, ЖОО-ға зерттеулерге тапсырыс береді және т.б.». Бизнестің осындай белсенді қатысуы батыстық ЖОО-дың білім беру сапасын арттырады. Біздің бизнес пен азаматтық қоғам мамандар даярлау процесіне белсенді түрде ықпал жасамайынша, еш нәрсе орнынан қозғалмайды. «Бүгінгі таңда әлемдік көшбасшылар зерттеулерді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру машығына ие білікті мамандар даярлау үшін дамыған әрі кең көлемді қол жетімді білім беру жүйесі барлар атануда», – деп атап өтті конференцияға қатысушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер