Компаниялардың инвестициялық тартымдылығы ұлттық рейтингтермен бағаланатын болды
«Атамекен» және Алматы Өңірлік қаржы орталығының Рейтингтік агенттігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АӨҚО Рейтингтік агенттігі арасындағы келісім рейтингілеу жүйесін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, сонымен бірге кәсіби және сарапшылық ортада (заңнаманың ұлттық рейтингтік агенттіктердің несиелік және қарыздық рейтингтеріне қатысты тұстарын жетілдіру) рейтингілеу институтын дамытуға және танытуға бағытталған.
«Атамекен» ҚР ҰКП мен «АӨҚО РА» АҚ ынтымақтастығы аясында рейтингтер жасау әдіснамасын жетілдіру; компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалау және компанияның рейтингтік бағаларын пайдалану арқылы тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру құралдарын енгізу көзделіп отыр.
Алға қойған міндеттерді орындау үшін тараптар сараптамалық талдаулар, рейтингтер жүйесін жетілдіруді және пайдалануға арналған ақпараттық материалдарды жариялау, бірлескен семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Экономиканың қаржы және шынайы секторларындағы компанияларды, микронесиелік ұйымдарды және т.б. несиеге қабілеттілігі, ұжымдық басқару деңгейі, компанияның қаржылық тұрақтылығы бойынша рейтингтік бағалау жоспарланған.
Рейтингтік бағалаудың қалыптасуы және олардың кеңінен қолданыс табуы қаржы нарығы мен шынайы сектордың дамуына, ашықтықты қамтамасыз ету, әлеуетті инвесторларға нарық эмитенттері мен субъектілері туралы шынайы ақпарат ұсыну арқылы септігін тигізбек. Сонымен бірге, рейтингтік бағалауды қолдану отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынталандыра отырып, жекелеген салалар мен компаниялар ашықтығының артуына, тартымды инвестициялық климатты қалыптастыруға ынталандырады және тұтастай алғанда, нарық тәртібінің қажетті атрибутын болып саналады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: