«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірлесе қаржы тарту жайын ойластырды

2016 жылғы 29 Маусым
- Маңғыстау облысы
12455 просмотров

«Маңғыстау» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «KAZNEX INVEST» АҚ және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы бірлесе отырып инвестициялар тартпақ

Астанадағы кездесуде «Маңғыстау» КҚКО директоры Ақтан Исмаил ««KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басшыларымен және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады.

«Біз шетел инвестицияларын тарту мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан мен шетелдің әлеуетті іскер серіктес-компаниялары туралы ақпарат алмастық. Шетел инвестициялары мәселелері бойынша тараптардың өзара әрекеттестік механизмі талқыланды», – деді А.Исмаил.

Жақын арада КҚКО «Маңғыстауға инвестиция салыңыз» атты инвестициялық жобалар жәрмеңкесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр, кездесу барысында қол қойылған меморандумға сәйкес, ақпараттық қолдауды «KAZNEX INVEST» көрсетуге уәде берген.

«Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы халықаралық сауда мәселелері, оның ішінде әлеуетті іскер серіктестер туралы ақпаратпен, маркетингтік зерттеулер нәтижелерімен, сонымен бірге халықаралық саудаға қол ұшын беру және дамыту саласында тәжірибемен алмасу ниетін растап, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен осыған ұқсас құжатқа қол қойған.

Сонымен бірге, тараптар өзара сауда, оның ішінде сауда миссияларын, кәсіпкерлердің оқу турлары, бизнес-форумдар, жәрмеңкелер мен көрмелер секілді өзара сауданы дамытуға септігін тигізетін Қазақстандағы түрлі шараларды өткізу кезінде өзара ақпараттық қолдау көрсетуге ниетті. 

«Маңғыстау» КҚКО мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы бірлесе отырып халықаралық байланыстарды дамытып, Маңғыстау облысы мен Қазақстанның өзге өңірлеріндегі кәсіпорындардың инвестициялар көлемі мен технологиялар трансфертін арттыруды, сонымен бірге қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізуді жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер