«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салықты да бөліп төлеуге болады

2016 жылғы 28 Маусым
- Алматы қаласы
12871 просмотров

Кәсіпкерлерге бизнесті оңалту тетіктері туралы айтылды

Салық төлеуде қиындықтар тудырып отырған елдегі экономикалық ахуалды ескере отырып, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті проблемалаға тап болған салық төлеушілерге қол ұшын созу үшін барын салуда. Енді олардың салықтарды бөліп төлеуге мүмкіндігі бар. Мұндай шара Салықтық кодексте (47-53-б., 6-бөлім) қарастырылған. Салықтық берешекті бөліп төлеу мүмкіндігі бір жылдан аспайтын уақытқа беріледі. Бұл тұста компания өз қызметін ары қарай жалғастыра алады. Берешегі барлармен салық қызметкерлері мән-жайды анықтамастан, шоттар және касса бойынша шығын операцияларын тоқтатып тастап, мүлікті есептейді, бір сөзбен айтқанда бизнестің тоқтайтыны белгілі.

«Бөліп төлеу салық төлеушінің нақты себептерін көрсетуі арқылы өтініш жазу негізінде жүзеге асырылады. Ол тек банк кепілдігі немесе мүлік кепілдігі я болмаса үшінші тұлғаның мүлкін кепілдікке қою арқылы беріледі. Нормалар сақталған жағдайда бөліп төлеу мерзімі артады, алайда ол 12 айдан артық мерзімге ұзартылмайды. Биыл процедура жеңілдеген: егер бұрын республикалық бюджетке түсімдердің мерзімі өтіп кеткені туралы деректерді Мемлекеттік кірістер комитеті қабылдаса, қазірде барлық шешімдер аумақтық деңгейде шешілетін болған. Бөліп төлеуді ұсыну туралы өтінішті банкпен кепілдік шартын жасағаннан кейін 10 күнтізбелік күнді асырмай беру керек. Банк кепілдемесі кері қайтарылмайтын болуы шарт. Мүлік өтімді, сақтандырылған немесе бүлінбеген болуы тиіс. Оның нарықтық құны бюджетке төленуі тиіс салықтар мен өсімпұлдардан кем болмауы керек. Бұл тұста кепілдікке өмірлік маңызд нысандар, энергияның электрлік, жылулық және өзге түрлері, тыйым салынған мүлік, мемлекеттік органдар шектеулер қойған мүлік қойылмайды. Мүлікті қайта кепілдендіруге де жол берілмейді», – деп түсіндірді семинар қатысушыларына Алматы қаласы МКД мәжбүрлі өндіру бөлімінің басшысы Берік Қайыпов.

Оның айтуынша, мүлікті бағалауға айрықша талаптар қойылмақ. «Ескі немесе жақында жасалған бағалау есептелмейді. Яғни, кодексте нақты мерзімдер бекітілген. Кепілзаттық мүлік құнын бағалау туралы бағалаушының есебі бөліп төлеуге өтініш берген күннен 15 күн өтпей жатып берілмеуі керек», – деп нақтылады ол.

Жыл басынан бері Алматы қаласы МКД компанияларға шамамен 5-6 салықты бөліп төлеу мүмкіндігін берген. Олардың үшеуі банк кепілдігі арқылы берілген (Сбербанк, Цесна банк, КЗИ банк).

«Мүлік құны берешек сомасынан аспауы керек, бірақ одан кем болуы мүмкін. Бұл жағдайда оны кез келген үшінші тұлғаның немесе жеке тұлғаның мүлкімен толықтыруға болады. Мәселен, бізге компания құрылтайшысы және басшысы екі нысан, оған үшінші тұлға нысанын қоса ұсынып келді. Төрт жақты кепіл шарты жасалды. Кәсіпорын жұмыс жасауда және салықтық берешегін кесте бойынша өтеуде. Шарт талаптары орындалмаған, оның ішінде кесте бойынша төлемнің бұзылуы орын алған жағдайда кепілге алынған мүлік алып тасталады», – деп толықтырды әріптесінің сөзін Алматы қаласы МКД оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Әнуар Ұзақбаев.

Қосымша кеңестер бойынша Алматы қаласы МКД жүгіну керек, онда жүгінгендерге банк кепілдемесінің, кепіл шарты және өзге құжаттардың үлгісі ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер