«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жоспардан тыс тексерулер. Келесі кім?

2016 жылғы 28 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
8585 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі департамент тарапынан жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру үшін нысандарды таңдау кезінде нысанды өз еркінше таңдауға болмайды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер осындай шешімге келді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Сергей Щербина кездесуге қатысушыларға келесі жайттарды баяндады: «Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі мен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспарлы тексерулер күшін жойды. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес, біз тексерілетін нысандардың тізімін қалыптастырудамыз, тауарлардың үлгісін сатып алу арқылы сынамалар алудамыз және оларды микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Кедендік одақтың техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін тексерудеміз. Талдама нәтижесінде бұл талаптарға сәйкес емес өнімдерді шығарушылар мен сатушыларға оны жою қажеттігі туралы ұйғарымдар беріледі және нысандарды жоспардан тыс тексерулер тағайындалады, ал өнім пайдалануға тыйым салынған тауарлар тізіліміне орналастырылады».

Департамент жетекшілігімен пікір алмасу барысында кәсіпкерлер КҚҚД-ның тауарларды таңдап сатып алу арқылы қолданатын бақылау мен қадағалау тәсілі бизнес-қауымдастығының теріс реакциясын туғызып отырғандығын айтты, өйткені мұндай механизмде, әсіресе бақылау үшін компания тізбесін анықтауда сыбайлас жемқорлыққа көп орын қалады.

«Шағын бизнесті қолдау мақсатында тексерудің барлық түрінің күшін жою қажет, оларға жұмыс істеуге және еліміздің бюджетін салықтармен толтыруға мүмкіндік беру керек. Біз тексерулердің жүргізілу қажеттігімен, әсіресе алдын ала белгі берілген жағдайларда, келісеміз, бірақ өндірушілер мен көтерме базалардан бастау қажет, шағын бизнеске мүлдем тиіспеу керек», – деп ЖШС «МеркурийWTK» директоры Дархан Сариев өз ұстанымын білдірді.

БҚО Техникалық реттеу департаментінің жетекшісі Салатанат Камешева кәсіпкерлерді қолдады. «Бақылау негізінен азық-түлік тауарларына тұтынушылар тарапынан дабыл болған кезде, әсіресе өзге елдерден импортталған таурларға, жүргізілуі керек», – деп баса айтты ол.

БҚО тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік заңгері Шакир Сухамбердин кәсіпкерлердің назарын тұтынушылардың сапасыз өніммен жиі ұшырасатындығына аударды.

«Өнімдер мен қызметтердің тұтынушысы айналып келгенде сіздер мен біздер болып табыламыз, және бізді, тұтынушыларды бірінші кезекте сапа мен қауіпсіздік қызықтырады, әрі бағасы әрине – деді ол. – Сондықтан кәсіпкерлердің біз үшін күресуі қажет екенін түсінуі қажет және бәсекелестіктің өзі сіздерді, кәсіпкерлерді, сіздердің өнімдеріңіздің сапалы және қауіпсіз болуына алып келеді. Тұтынушылар бәсекелестікті және барлық кәсіпкерлер үшін ойын ережесінің тең болғанын қолдайды. Сондықтан біз мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында диалог пен ынтымақтастықтың болғанын қалаймыз, одан бәріміз ұтамыз».

Кездесуде БҚО Кәсіпкерлер палатасына тауардың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тексерулердің барлық түрлерін жеңілдету жөнінде ұсыныстар жіберу, сонымен қоса ҚР ӘҚК-не өзгертулер енгізу туралы, онда әкімшілік жаза шарасы ретінде – «ескерту» қарастыру жөнінде шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер