«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ

2016 жылғы 24 Маусым
- Жетісу облысы
8728 просмотров

Алматы облысында 822  адам тегін бизнес-курстардан өткен

Облыста «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқу жалғасуда. Оған тек әлеуетті ғана емес, әрекеттегі кәсіпкерлер де қатысуда. Сондай-ақ, бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді. Бизнес-кеңесшілер – тәжірибелі бизнес-тренерлер Александр Кузнецов пен Қайрат Оңғаров. Осы аптада курстар Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандарында өткен. Панфилов ауданы Кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Байқұттиевтің айтуынша, оқығысы келетіндердің қарасы көп.  

«Біздің ауданда жобаға 45 адам қатысты. Олардың көпшілігі үшін «Бизнес-кеңесші» бизнесті жүргізудегі алғашқы қадам екенін ескеру қажет. Бизнес-тренерлер өткізетін кәсіптік сарапшылық кеңес беру өз мүмкіндігіңді нақты бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі күні өз ісіңді ашуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар бизнес саласындағы білімнің жеткіліксіздігі, қаржының жоқтығы, тәжірибенің аздығы болып отыр. Ал бизнес-тренерлер осы проблемаларды шешуге көмектеседі», – деді Байқұттиев.

Аталған компонент бойынша оқыту әр қатысушыға берілетін 3 млн теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігін бермек. Сондықтан жатықтырушылар азаматтардың сертификат алуға деген қызығушылығы жоғары екенін айтып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданында «Бизнес-кеңесші» курстарында 30 адам оқыған. Қатысушылардың көбі заңды тұлғалар болып саналады.

«Біз білім алушыларды бір рет ұрынған қателіктерді қайталамауға үйретеміз. Бұл мәселе қазіргі экономикалық кезеңде өте өзекті болып отыр. Себебі нарық қателіктерді кешірмейді. Бұдан бөлек, көпшілікті қаражат тарту проблемасы алаңдатады», – деді бизнес-тренер Александр Кузнецов.

Курс соңында қатысушылар болашақ бизнес-идеяларымен бөлісті. Олар ірі қара мал өсірумен, жартылай фабрикаттар шығару және етік жасау шеберханасын ашумен айналысуға ниет білдірді.

Оқу соңында барлық қатысушылар оқу материалдары мен курсты аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.

Еске салсақ, былтыр «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша бизнес-тренерлер 1188 адамды оқытқан, олардың арасында «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша 998 қатысушы, оның ішінде аудан орталықтарынан 663 өтініш беруші білім алған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер