«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қалауын тапсаң қар жанар

2016 жылғы 24 Маусым
- Алматы қаласы
7490 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасы жанынан маркетологтар клубы пайда болды

Жетекші маркетологтар, бизнес-кеңесшілер, коучтер, жаттықтырушылар өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін енді Алматы Кәсіпкерлер палатасында жиналмақ

Алғашқы отырыс заманауи қоғамдағы ең өзекті саналатын тақырыптардың бірі дағдарыс жағдайында ШОБ-ты ілгерілету жолындағы жаңа шешімдерге арналды. Жүйелі маркетингтің рөлі қандай? Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы жоспарына не қосуға болады? Өз кәсіпорныңды дамудың жаңа деңгейіне шығару үшін маркетолог қандай бағыттар бойынша жетілу қажет? Қызу талқылау үстіндегі осы және өзге де сұрақтарға жауапты Клуб қатысушылары, оның ішінде Алматы қаласына қарасты ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының сарапшылары, AlmaU және МУИТ ЖОО-ның өкілдері мен  әрекеттегі маркетологтар  табуға тырысты. 

«Сауатты маркетингтік жоспарсыз кез келген бизнес құрдымға кетеді. Компаниядағылар мақсаттары мен оларды жүзеге асыру жолдарын түсіну қажет, әсіресе, бұл қаржылық тұрақсыздық кезеңде өте маңызды болып отыр. Міне, сондықтан да бұл клубтың ашылуы уақытылы әрі өзекті болды. Осы алаңда ең батыл жоспарлар жасалып, олар, болашақта, қазақстандық бизнестің игілігіне қарай жұмыс жасайды деп сенеміз», – деп отырысты бастады Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Кездесуге шақырылған қонақтар қатарында алғашқы қазақстандық «Шағын бюджеттік маркетинг» атты бизнес-кітаптың авторы, портфолиосында 40-тан астам сәтті кейсі бар Юсуп Карада және «Market-C» компаниясының басшысы, халықаралық бағдарламалар қатысушысы, ҚР Экономика және қаржы министрлігіне арналған жоба авторы  Халмұрад Розыбаев бар.

«Дағдарыс жағдайында кез келген майда-шүйдеге дейін назар аудару қажет – қызметтің немесе өнімнің бірегейлігі, бірінші басшылардың, сонымен бірге атқарушылардың Self-branding-іне (имидж) назар аудару, offline- және online-маркетингті пайдалану», – деген ұсыныс тастады Юсуп Карада.

«Мақсатты аудиторияны, бағаның негізделген белгіленуін, нарықта дұрыс позициялануын, өткізу каналдарын анықтап, нарық тенденциялары мен драйверлерін зерттеген соң маркетинг стратегиясын жүзеге асыруды ұдайы бақылауда ұстау қажет,– деп толықтырды әріптесінің сөзін Халмұрад Розыбаев. – Сатылым жүйесінен өзге маркетолог өз назарын компанияның сараптамалық, өндірістік, өткізу және басқару қызметтеріне бағыттаған маңызды».

Шараның маңызды бөлігі ретінде Алматы қ. ӨКП КҚО маркетинг жөніндегі менеджер-кеңесшісі Шынар Байзыханованың «Инвестициялық жобаларды қолдау туралы ақпарат» тақырыбындағы және Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің менеджері Әсем Әлтаеваның Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы туралы жасаған презентацияларын атауға болады. Сарапшылар заңнамадағы соңғы жаңалықтар мен «Атамекен» ҚР ҰКП бағдарламалары мен жобалары туралы айтып берді.

Жиын соңында тәжірибе алмасу мақсатында айына бір реттен кем емес кездесіп тұру және шынайы кейстерді талдау үшін жетекші компаниялардың топ-менеджерлерін қатыстыру туралы ұсыныстар айтылды. Маркетологтар клубы келесі жолғы отырысы «Сервис-менеджмент» тақырыбына арналмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер