«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүр, суға түсейік!

2016 жылғы 24 Маусым
- Шымкент қаласы
12235 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының арқасында жазы ыстық Арыс қаласында алғашқы ашық су бассейні пайда болмақ

Жергілікті кәсіпкер Бақберген Өміров рұқсат құжаттарын жинауға біраз жылдарын сарп етті. Қала тұрғындарына бассейн тұрғызу үшін болашақ құрылысты ресімдеу бойынша бір құшақ құжат қажет еді: жерге тиісті құқық ұсыну туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі, құрылысқа рұқсат, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, жобалауға арналып бекітілген тапсырма, жобалық  құжаттаманы әзірлеу, инженерлік  және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу туралы техникалық шарттар, әкімнің шешімі, мемлекеттік акт,  жоба, кәрізге қосылу туралы рұқсат... Тізім осылай жалғаса береді.

Керекті қағаз жинаудан шаршаған Бақберген қолын бір-ақ сілтеп, жобаны аяқсыз қалдырғысы келді. Бірақ биылғы жылы көктемде ол Арыс ауданы Кәсіпкерлер палатасының филиалына барды. Палата менеджері Нұржан  Смаилов бизнесменнің идеясын қолдады, барлық жоғарыда аталған құжаттарды тез алуға көмектесті.  Сонымен қатар кәсіпкерге бизнес-жоспар жасап беріп, банкке апарды. Екі айдан соң «Qazaq Banki» АҚ құны 20 миллион  жобаны мақұлдады. 

Осыдан бір ай бұрын кәсіпкер құрылысқа құлшына кірісті,  енді екі аптадан соң бассейн суға толмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер