«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтын сапа: өтінім қабылдау бір аптадан кейін аяқталады

2016 жылғы 24 Маусым
- Жетісу облысы
8870 просмотров

Алматы облысының 15 компаниясы Президенттің «Алтын сапа» конкурсының сыйлығын алуға арналған байқауға және «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесіне қатыспақ

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Сондықтан өңір тауар өндірушілерінің ең үздік болып шығуына әлі уақыт та, мүмкіндік де бар.

«Шығарылатын өнімнің сапасы  конкурсқа қатысушылардың барлығына арналған бәсекеге қабілеттіліктің негізгі критерийі болып табылады. Конкурсқа қатысу компанияларға Қазақстан нарығында танымал болып, осы заманғы әлемдік үлгілерге сай өнім өндіруге, кәсіпорынның беделін көтеруге жол ашады», – деп атап өтті сертификация маманы Бибігүл Омарова.

Сонымен қатар мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта 15 компания «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысуға тілек білдірген. Жаңа қатысушылар арасында  «Қайнар АКБ», «Dolche», «Каз фильтр» компаниялары, «Асқар Тау» этно-рестораны. Бұрынырақ 16 маусымда Кәсіпкерлер палатасында оқу семинары өтті, мұнда «Атамекен»  ҰКП сарапшысы Мадина Мұқатова  конкурс критерийлері бойынша бағалау жүргізу және әдістемесі тәртібін түсіндірді.

Сонымен бірге Палата мамандары үміткерлерге қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес беріп, құжаттар жинауға жәрдемдеседі. Сонымен қатар  кәсіпорынның іс-қызметін талдаумен шұғылданатын, конкурстың  өңірлік кезеңі жеңімпаздарын және қатысушыларын айқындайтын арнайы сараптау тобы құрылған. Ал сараптау тобы құрамында Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Асет Шаяхметов, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Абдрасилова, Кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасының өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мейрамгүл Шакирова, «КазИнст» РМКК Алматы облыстық филиалы директоры Мария Жетібаева, «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РМКК филиалының жетекші маманы, «Талдықорғандық сертификация және сараптау орталығы» ЖШС сарапшы-аудиторы Дмитрий Воробьев және «Ақсай нан-тоқаш зауыты» ЖШС сарапшысы Назгүл Жақаева бар.  

Еске салайық, өткен жылы конкурстың өңірлік кезеңіне облыстың 32 кәсіпорны өтті. Облыстық конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен 100-300  мың теңгеге дейін ақшалай сертификаттар тапсырылды. «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің республикалық кезеңінде «Ең жақсы азық-түлік тауары» номинациясында «Рыбпром» ЖШС ең үздік деп танылды. Қазақстан Президенті тағайындаған «Алтын сапа» сыйлығының «Халыққа тауар шығаратын ең үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Байсерке Агро»  компаниясы» жеңімпаз атанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер