«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылықтарға аукциондық портфель сатып алуды ұсынды

2016 жылғы 24 Маусым
- Қарағанды облысы
12322 просмотров

Ақтөбе металл құрастыру зауыты өз акцияларының 40%-ын инвесторларға ұсынып отыр

Ақтөбе металл құрастыру зауыты IPO-ға шықты. АМҚЗ акционерлері дивиденттерге бірден ие болады. Бұл туралы роуд-шоу барысында «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Турлов мәлімдеді.

Инвестициялық компания басшысы мәлімдегендей, дивиденттердің өтеміне таза түсімнің 60%-ы жұмсалады, ал қалған 40%-ы АМҚЗ-ның дамуына инвестиция ретінде қайта салынады.

«Біз екі жылдың ішінде дивиденттік түсім депозит бойынша орташа мөлшерлемеге жетеді деген сенімдеміз. Компания бірден үстеме пайда бермейді, алайда, соған қарамастан, бірден дивиденттер төлейді. Компания осы бастан-ақ табысқа жетіп жатыр», – деді Т.Турлов.

«Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы ақтөбелік кәсіпорынды IPO-ға шығарады. Бағдарлық орналастыру 2016 жылдың шілде айының ортасында болады. Қазір акциялар KASE-ке листинг рәсімінен өткізілуде. Орналастыру көлемі – 960 млн теңге, IPO-ға орналастырылатын акциялар саны – 85 мың тал, күтілетін қағаз құны – 11 177 теңге.

«Құны кейбіреулерге жоғары көрінуі мүмкін, әсіресе, орналастыру кезіндегі 505 пен 725 теңге деңгейінде болған КЕГОК и Казтрансойл акцияларының бағасынан кейін. Алайда, бұл, алдымен, акциялар саны мен 40%-дық үлеске байланысты. Барлықтарыңыз білетіндей, ұлттық компаниялар 10%-дан орналастырды, яғни бұл дегеніміз, егер 1 акционер барлық акцияларды сатып алса да, ол миноритарлық болып қала береді, 10%-дық үлес дауыс беру құқын бермейді. АМҚЗ-ның акцияларын мүмкіндігінше көбірек сатып ала отырып, инвестор компанияның менеджментіне қатысу құқына ие болады», – деп түсіндіріп өтті Т.Турлов.

Брокерлер негізгі екпінді АМЗҚ-ның мемлекеттік капиталы жоқ жеке компания болуына түсіріп отыр, бұл жайт оны менеджменті мен саясаты жағынан икемдірек етеді.

Кәсіпкерлерді қор нарығына тарту мақсатында «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» АҚ мен «Фридом Финанс» ЖК өкілдері Қазақстанның барлық қалаларында роуд-шоу өткізуде. Аталған шара шеңберінде олар халықтың барлық сұрақтарына жауап береді.

«Фридом Финанс» компаниясы кеңес беру жағынан қолдау көрсетіп, орналастырудың андеррайтері ретінде қатысуда. IPO барысында тартылған қаражат қарыз жүктемесін азайтуға және зауыттың өндірістік қуатын кеңейтуге жұмсалады. Бұл компанияға жаңа келісімшарттар тартып, ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетер болсақ, осы жылдың сәуір айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстандық қор биржасы» АҚ арасында өзара әріптестік туралы меморандум жасалған еді. Құжат құнды қағаздар нарығын дамытуға, әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға сеп болуға және отандық компаниялардың Қазақстанның қор нарығына шығуына ынталандыруға бағытталған. Келісім аясында елегі барлық кәсіпкерлер үшін қор нарығы жөнінде кеңес берулер, дәрістер, шеберлік-кластары өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер