«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалған кәсіпорын – көзге шыққан сүйелдей

2016 жылғы 23 Маусым
- Маңғыстау облысы
11488 просмотров

Жауапты кәсіпкерлер жалған кәсіпорындардың кесірінен зардап шекпеуі керек

Мұндай мәлімдемені брифинг барысында Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әмірғали Жанаев жасады

Оның айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпкерлердің ең бір өзекті әрі ауқымды мәселесі мемлекеттік тіркеуі заңсыз деп табылған заңды тұлғалармен жасалған келісімдер бойынша ұжымдық кіріс салығын есептеуге қатысты болып тұр.

«Статистика көрсетіп отырғандай, осы жылдың бірінші тоқсанында ғана «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 60-тан астам кәсіпкер мемлекеттік кіріс органының заңсыз әрекеттеріне шағымдана келген», – деді ӨКП директорының орынбасары.

Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушілермен жүргізілген операциялар бойынша шығындарды шегеру ҚР Салық кодексінің 115-бабының 2-тармақшасымен реттеледі, деп түсіндіріп өтті құқық қорғаушы.

Ол сондай-ақ, 2015 жылдың қаңтар айынан бері Салық кодексінің жаңа редакциясы енгізілгенін атап өтті. Онда қылмыстық процестің сот шешімінде нақты келісімдердің жалғандығын негіздей отырып, жалған кәсіпорындардың нақты контрагенттерін  дәлелдеумен және оны көрсетумен аяқталуы талап етілген.

«Оған қоса, ҚР Салық кодексінің таразыланған заңнамалық шешімге ие және мемлекеттің де, жауапты салық төлеуші кәсіпкерлердің де мүддесін есепке алатын аталған нормасын пайдаланудың орнына, мемлекеттік кірістер органдары неге екені белгісіз соттарға заңды тұлғалардың тіркелуін заңсыз деп тану және мұндай заңды тұлғалардың барлық контрагенттеріне кейін КТС есептеу туралы талап арызбен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде жүгінеді», – деді ол.

Оның пікірінше, мұндай тәжірибе заң тұрғысынан осал, өйткені жауапты салық төлеушілердің құқықтарына қысым жасай отырып, заңнаманың бұзылуына жол береді. Соттың айыптаушы шешімі немесе тергеу органының басқа да процессуалды шешімі күшіне енгенге дейінгі даусыз дәйектерге негізделмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы ниетінің жоқтығы немесе келісімдердің жалғандығы туралы дәлелдер заңды тұлғаның тіркеуін заңсыз деп тануға негіз болмауы керек, деп есептейді спикер.

«Оған қоса, тәжірибеде соттар «жойылмайтын заң бұзушылықтар» ретінде жойылатын сипатқа ие заң бұзушылықтарды қарастырады. Мәселен, заңды тұлғаның тұрғылықты жерінде болмауы, қалыптаспаған жарғылық капитал және тағы басқасы», – деді өңірлік палатаның өкілі.

Ол сондай-ақ, мемлекеттік кіріс органдары сот тіркеуін заңсыз деп тапқан жеткізушілерден келісім бойынша шығынды шегеруден алып тастау туралы шешімдер қабылдайтынын қоса айтып өтті. Мұндай шешімді олар өздерінің жеке, заңда негізделмеген дәлелдерін басшылыққа ала отырып, жоғарыда аталған жеткізушілермен жасалған барлық келісімдерді автоматты түрде заңсыз деп танылған санатқа жатқызу арқылы қабылдайтын көрінеді.

ӨКП директорының орынбасары «Атамекен» жалған кәсіпорындарға қатысты заңнамада кездесетін қайшылықтарды реттеуге қол жеткізеді деген үмітте.

«Жауапты кәсіпкерлер жалған кәсіпорындардың кесірінен зардап шекпеулері керек», – деп ойын қорытындылады Ә.Жанаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер