«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инженерлерді жаңа аттестациялау күтіп тұр

2016 жылғы 23 Маусым
- Жетісу облысы
9643 просмотров

Құрылыс-монтаждау компаниялары енді өз штатына аттестациядан өткен жұмысшыларды ғана алуы керек, олай болмаған жағдайда олар мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды

Бұл жаңалық кәсіпкерлер мен Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (АМСҚБ) өкілдерінің арасында өткен кездесуде айтылды. Белгілі болғандай, өзгерістер енгізудің негізгі себептері құрылыс өнімдерінің төмен сапасы, қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілетсіздігі, құрылыс саласында жұмыстарға жіберудің халықаралық қағидаларын енгізу қажеттілігі болып отыр. Бұл мәселелердің шешімін табу үшін Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет пен жер ресурстары басқармасы ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің, АҚШ пен Германияның әлемдік тәжірибесі зерттелді. Енді жаңа заңнама бойынша жобалық қызмет пен құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алуға өтініш берген компаниялар құрамында аттестациядан өткен инженер-техникалық жұмысшы болуы керек. Сонымен бірге бұл қызметкерлер тек бір ғана ұйымда жұмыс жасауы қажет.

«Аттестаттау жүйесі жұмысшылар білімі мен қабілеттерін шынайы бағалау үшін енгізілген. Құрылыс-монтаждау ұйымдарындағы бас инженер, ӨТБ басшысы, жер телімінің басшысы, прорабтар мен лицензиядағы  жұмыстар салаларындағы инженер-жобалаушылар аттестаттаудан өтуі керек. Яғни, аттестаттаудан дәл басшылық құрамдағы өндірістік жұмысшылар өтуі тиіс», – деді АМСҚБ лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы Мұрат Енгізбаев.

Жұмысшылар аттестациясын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі, өкілетті органнан аккредитациядан өткен ұйымдар жүзеге асыратын болады. Мұндай мемлекеттік емес орталықтарға қойылатын талаптар қатаң. Аттестация ережелері мен талаптарын бұзған жағдайда 500 ЖЕК көлемінде айыппұл төлеуі керек болады. Әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жылдан соң бұзу деректері қайта орын алған жағдайда аккредитация туралы куәлікті айырумен қоса 700 ЖЕК көлемінде айыппұл салынбақ.

Бұдан басқа, асттестациядан өткен инженерлік-техникалық жұмысшылар реестрін құру көзделіп отыр. Егізбаевтың айтуынша, ресурс лицензиялаудың ашықтығын қамтамасыз етуі керек.

«Қазір лицензия алуға өтініш берушілер құжаттар пакетіне онда ешқашан жұмыс істемеген және істемейтін мамандар құжаттарының көшірмелерін қосу  мүмкіндігіне ие екені бәрімізге белгілі. Реестр мұндай жағдайларды болдырмауы қажет. Егер бұл реестр мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырушыларына қолжетімді болса, онда мемлекеттік сатып алулар процесі де ашық түрде өтетін болады, бұл жұмысшы компанияда жұмыс жасай ма, жоқ па белгілі болады», – деп айтып берді басқарма өкілі. Аттестациядан өткен жұмысшылар жөніндегі талаптар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң мен қатысушы жұмысшыларының инженерлік-техникалық құрамы бойынша тендерлер өткізу кезіндегі бағдарламалар әкімшілерінің талаптарының өзгеруіне әкелетінін де атап айту керек. Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету  жөніндегі бөлім сарапшысы Айдар Қажымұқанның пікірінше, өзгерістер дәл осы тұсында кей қиындықтар тууы мүмкін.

«Мемлекеттік орган деректеріне сүйенсек, жұмысшылар аттестациясын әзірге бір компания ғана жүргізе алады. Оқу құны 60-90 мың теңгені құрайды. Бір компания барлық компанияларды оқыта ала ма және ұзын-сонар кезек туындамай ма? Бұл жаңалықтарды кәсіпкерлердің көбі білмейтінін ескерсек, тендерлерге өтінім беру кезінде олар қатысуға жіберілмеуі мүмкін. Сондықтан бизнес-қоғамдастық қазірден бастап жұмысшыларын аттестациядан өтуге жібере берулері қажет», – деді сарапшы. 

Құрылыс-монтаждау компанияларының өкілдері, өз кезегінде, заңдағы бұл өзгерістерге қолдау білдіріп, жаңа талаптар атқарылып отырған жұмыстардың сапасы мен қауіпсіздігінің артуына септігін тигізетінін атап айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер