«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елімізде экономикалық көрсеткіш тұрақты

2014 жылғы 12 Наурыз
3806 просмотров

Қаржылық сауатымызды арттырып, әлеуетімізді дұрыс пайдалана білуіміз керек, 24kz.

Себебі, елімізде кәсіптен нәсіп табуға барлық жағдай жасалған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлімдеді. Мамандар: «әлемде экономикалық тұрақсыздық белең алып тұрғанда, Қазақстанның экономикалық көрсеткіші көңіл көншітеді», - деп айтты. Елбасы Жолдауында айқындалғандай бірегей бағдарламалар өзіндік оң әсерін беруде. Алайда, бізде өңдеуші салаға басымдық беру дағдыға айналып барады. Сондықтан инвесторларды тың бастамалармен қызықтыру керек. Әсіресе, қызмет көрсету саласын дамытса, бизнес көшінің ілгерілей түсері сөзсіз.Тек жоба дайындауда саннан сапаға мән берген жөн.

Мақсат Мұқанов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті:

- Бізде бизнесті дамыту өте қолайлы жағдай бар. Алайда, инвесторларды тарту жолында кәсіпкерлердің өздері өте сауатты болуы қажет. Бизнес жобалар пайдалы болғанда ғана кез келген шетелдікті бей-жай қалдырмайтыны анық. Сондықтан әр жобаға ерекше көңіл бөлген жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер