«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шілде айына дейін базалық мөлшерлеме өзгермейді

2016 жылғы 22 Маусым
7842 просмотров

Дегенмен ҚР Ұлттық банкі оның төмендеуі де ықтимал деп санайды

Басқа несиелік мекемелермен операциялар жасау жөніндегі ҚР қаржы реттегішінің мөлшерлемесі өзгеруі мүмкін. Бұл жайында бүгінгі баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«2016 жылдың 6 маусымында Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін және пайыздық мөлшерлемелер дәлізін өзгерістерсіз, 15% деңгейінде сақтап қалды, бұл теңгенің тартымдылығын одан әрі күшейтуге бағытталады.  Тәуекелдердің азаюы және жағымды трендтердің тұрақтылығы дәлелденуіне қарай біз базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармаймыз», – деп ҰБ баспасөз қызметі Д.Ақышевтің сөзін келтіреді.

«Базалық мөлшерлеме жөніндегі келесі шешім 2016 жылдың 11 шілдесінде жарияланатын болады», – деді Ұлттық банк төрағасы.  

Сондай-ақ, баспасөз қызметі «2016 жылдың мамырында РЕПО-ның біркүндік операциялары (TONIA индикаторы) бойынша мөлшерлеме 14,1%-ды құрады, бір күндік своп операциялары бойынша – 13,7% жылдық мөлшерлемені құрады» деп атап көрсетті.

«Ақша нарығында өтемпаздықтың құрылымдық профициті байқалады. Пайыздық мөлшерлемелер Ұлттық банк таргеттейтін пайыздық дәліздің төменгі шегінде тұр», – деп ҰБ баспасөз қызметі Д.Ақышевтің сөзіне сілтеме жасады.

Келесі жаңалық деп Ұлттық банктің біршама үзілістен кейін мемлекеттік құнды қағаздар шығаруын айтуға болады. Олардың айналым мерзімі – үш ай, одан бөлек, 24 маусымнан бастап 6 айлық ноталарды орналастыру жоспарлануда.

Бұл ретте Ұлттық банк: «Ұзын» инструменттерге едәуір сұраныс байқалады, бұл, бір жағынан, нарыққа қатысушылар тарапынан «ұзын» теңгелік инструменттерге сенімнің артқанын көрсетсе, ал, екіншіден – Ұлттық банктің табыстылық ауытқымасын құру бойынша мүмкіндіктері үлкен екенін білдіреді», деп атап көрсетті.

«Бұл теңгелік ресурстардың құны бойынша барынша дәл бағдарлар ұстануға мүмкіндік береді, мұның өзі экономиканы несиелеуді жандандыру үшін қажетті шарт болып табылады», – деп есептейді Д.Ақышев.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, экономикаға арналған банктердің несие көлемі мамыр айында 0,9%-ға, 12,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгелік несиелердің құрылымында заңды тұлғаларды несиелеудің 0,5%-ға төмендеуі аясында жеке тұлғалар несиесінің көлемі 0,2%-ға ұлғайды. Ұлттық банк шетелдік валютадағы несиелердің өсуі іс жүзінде теңге бағамының әлсіреуі нәтижесінде тек валюталық қайта бағалау арқылы қамтамасыз етілді деп атап өтілуде.

Қаржы реттегіштің ақпараты бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 2016 жылдың мамыр айында 4,4%-ға, 2,7 трлн теңгеге дейін өсті, бұл экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 21,8%-ын құрайды. Оған қоса, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі 31,4%-ға өсті.

«Жалпы экономикалық жағдаяттың тұрақсыздығын ескере отырып, экономиканы несиелеу әлі де шектелуде. 2016 жылдың мамырында базалық мөлшерлеменің азаюы әзірше банктердің несиелік белсенділігіне жылдам әсер ете алмайды», – деп келтірді Ұлттық банк басшысының тұжырымын баспасөз қызметі.

Теңге бағамының әлсіреуі нақтылы мәнде мамыр айында 2,5%-ды құрады, жыл басынан бері бағам 1,2%-ға нығайды. Ұлттық банк Қазақстанның валюталық нарығында мамыр айында шетелдік валютаның артық ұсынымы сақталғанын айтты. Оның себептерінің арасында әлемдік мұнай нарығындағы бағалардың өсуі және тұрғындар мен кәсіпорындардың теңге инвестицияларына артықшылық беретіні аталды.  

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер