«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзекті мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық

2016 жылғы 21 Маусым
- Астана қаласы
8653 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Құжатты Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов пен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов қол қойып, бекітті.  

Тараптар меморандум аясында кәсіпкерлікті дамыту, қолдау және дамыту тұрғысынан күш-жігерді үйлестірмек. Заңсыз кәсіпкерліктің қанат жаюына қарсы іс-қимыл және оның алдын алу – бірлескен іс-қызметтің маңызды міндеттерінің бірі. 

«Астана қаласының Кәсіпкерлері палатасы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша ынтымақтасуға әзір. Жауапты кәсіпкерлердің атына  кір келтіретін  көлеңкелі  бизнеспен күрес көкейтесті міндеттердің бірі. Жалпы бизнеске кір келтіретін әрекеттерге жол бермеу үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек»,– деді қол қою рәсімінде Ғани Тасмағанбетов.

МКД басшысы Әбілқайыр Сқақов бірлескен жұмыс салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушыларды әкімшіліктендіру саласында заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша жүргізілетін болады деп атап өтті.

«Қызметтің лицензиялық түрлері саласында, әсіресе алкогольдік өнімдерде «көлеңкелі» айналым бар. Тиісінше, адал ниетті бизнесті қорғау біздің ортақ міндетіміз болып табылады», – деп қадай айтты Әбілқайыр Сқақов.

Тараптар сонымен бірге кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне жағымды жағдайлар жасау  және бизнестің дамуындағы  жаңа мүмкіндіктерді анықтау, кәсіпкерлік субъектілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өзара іс-қимыл жасауға келісті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер