«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қос бірдей бірлестік аккердиттелді

2016 жылғы 20 Маусым
- Жетісу облысы
7207 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында Талдықорғандағы «Атамекен» Кәсіпкерлер одағы мен Іле аудандық Кәсіпкерлер қауымдастығы аккредитациядан өтті

Мұндай шешім аккредитация мәселелері жөніндегі отырыста бірауыздан қабылданды. БАҚ-та Ұлттық палада жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге құжаттарды қабылдау басталғандығы мен құжаттарды өткізу мерзімі созылғандығы туралы хабарланғаннан сәттен бастап, Алматы облысы кәсіпкерлер қауымдастығынан (одағынан) және шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік қауымдастықтарынан (одақтарынан) 2 өтінім келіп түскен. Қауымдастықтарды (одақтарды) іріктеу барысындағы негізгі өлшемдер: әрекет ету мерзімінің үш жылдан кем болмауы, қауымдастықта (одақта) кәсіпкерлер субъектілерінің, іске асқан жобалардың болуы мен мемлекеттік органдардың норма шығару жұмыстарында тәжірибесі, мемлекеттік органдар құрған сарапшы кеңестерге, кеңесу органдарына, жұмыс топтарына қатысуы.

«Осылайша бізге «Атамекен» талдықорғандық кәсіпкерлер одағы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Алматы облысы Іле ауданы кәсіпкерлер қауымдастығынан өтінімдер келіп түсті. Олардың өтініштерін қарастырып, талқылай отырып, екі жылға аккредиттелгені туралы куәлік беруге шешім қабылданды. Іле ауданы Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Жанна Телпекбаеваның Өңірлік кеңестің мүшесі әрі Кеңес жанындағы тариф жасау және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комитеттің белсенді мүшесі екенін атап өту қажет», – деді кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Әділет Сұлтанбек.

Енді аккредиттелген бірлестіктер Өңірлік кеңес құрамында үміткерлерді ұсынуға, ӨКП жанынан құрылған комитеттердің жұмыстарына қатысуға құқылы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер