«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда жасалып, шетелде сатылады

2016 жылғы 20 Маусым
- Маңғыстау облысы
16666 просмотров

Бірқатар маңғыстаулық кәсіпорындар шетелдік нарыққа шығуды жоспарлап отыр

Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының «Маңғыстау» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған семинар барысында маңғыстаулық экспортқа бейім кәсіпорындардың өкілдері осындай жоспарларымен бөлісті.

Семинарды «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік корпорациясының Маркетинг және сату департаментінің бас менеджері Алмас Қалқаев жүргізді. Ол кәсіпкерлерге шетелдік нарықтарға шығуды жоспарлаған кәсіпорындар мен экспорт-бағдарлы кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың құралдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

«Бүгінгі күні «ҚазЭкспортГарант» кәсіпкерлерге несиені сақтандыру, құжаттамалық операциялар, экспорттаушының инвестициялары мен қарыздары, экспорттаушыны экспорталды және экспорттық қаржыландыру тәрізді экспорт-бағдарлы кәсіпорындарды қолдау құралдарын ұсына алады», – деп атап көрсетті А.Қалқаев.

«Маңғыстау» КҚО  директорының орынбасары және Инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы Данияр Бабажанов пен Айнұр Тұмышева, өз кезектерінде, «Маңғыстау» КҚО көрсететін экспорттаушыларды қолдау шаралары жайында айтып берді.

Семинардың соңына қарай «ҚазЭкспортГарант» ЭКҚ» АҚ өкілі кәсіпкерлерге экспорттаушыларды сақтандыру мәселелері туралы жеке  кеңестер берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер