«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпорындар мен колледждер арасындағы дәнекер

2016 жылғы 20 Маусым
- Ақтөбе облысы
7351 просмотров

Ақтөбедегі 8 колледждің өндірістік оқу шеберлері үшін ірі кәсіпорындарға саяхат ұйымдастырылды

Кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбе облысындағы мұғалім мамандардың біліктілігін арттыру институты арасында әрекет ететін Ынтымақтастық туралы меморандум аясында кәсіпорындарға саяхат шаралары ұйымдастырылды.  

«Біз техникалық және кәсіби білім саласындағы  педагог мамандардың  біліктілігін арттыру бойынша бірлесе жұмыс істеудеміз. Көбіне  болашақ мамандарға кәсіби дағдылар дарытып, шеберлікке баулитын, өндірістік оқу  шеберлері мен арнайы пән оқытушыларына арналған  арттыру курстары ұйымдастырылды», – деді  Палатаның сарапшысы  Венера Шавкилова.

Тәжірибелі оқытушылар, жаттықтырушылар, институттың кеңесшілері  жүргізген оқудың теориялық блогымен бірге ТжӨО жүйесіне дуальды оқыту жүйесін енгізу ерекшеліктеріне қатысты  тақырыпты ашып көрсету үшін Палата іс-тәжірибелік циклді де ұйымдастырды, өйткені дуальді оқыту  оқу орындары мен өндірістік ұйымдардың тығыз ынтымақтасуын көздейді. 

Көбіне саяхат «Азайя» ЖШС, «Айс Плюс» ЖШС сияқты кәсіпорындарға ұйымдастырылды, мұнда курс тыңдаушыларының  теориялық оқу сабақтарында өткен барлық технологиялық үдерістерді және өндірісті бетпе-бет  және көзбе-көз көру мүмкіндігі болды.   

«Мұндай кездесулердің мәні мен маңызы айдан анық, өйткені болашақ бәсекеге қабілетті технолог-мамандарды өндіріспен етене, жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына орай сапалы оқыту жүріп жатыр. Кәсіпорындардың қызығушылығы да түсінікті, өйткені олар кадрларды даярлау үдерісіне қатысып, өз ерекшелігіне сай мамандар алады», – деп санайды сарапшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер