«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Назарда - аудан кәсіпкерлігін дамыту картасы

2016 жылғы 17 Маусым
- Жетісу облысы
7368 просмотров

Алакөл ауданы ӨКП филиалы 2014-2016 жылдарға арналған аудан кәсіпкерлігін дамыту картасын жүзеге асыруды ерекше бақылауға алады 

Бұл туралы филиал директоры  Мұхтар Адиков  хабарлады. Оның сөзінше, қоғамдық кеңес өңірлік картаның орындалуын сынады. Бағдарламаны іске асыру барысына ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдері жауапты болатындығын айта кету керек.   

Ауданның қоғамдық кеңесі мәжілістері ай сайын өтеді. Мамыр айында олар жер реформасы мәселелерін тілге тиек етті. Бұл жолы кеңес мүшелері бизнестің даму серпініне баға берді.

Үшбұлақ, Арқарлы, Сапақ, Қайнар, Жыланды, Ақжар округтерінде көптеген стратегиялық көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша тиісті жұмыс жүргізілмейді. Сонымен бірге ауылдарды жаңа жұмыс орындары құрылмаған, ауыл шаруашылығы, өнім өндіру мен өңдеу саласы  нашар дамуда.

«Осыған байланысты Үшбұлақ және Арқарлы,  ауыл округтері әкімдеріне   бағдарламаны орындамағаны үшін ескерту беріледі, өйткені  соңғы екі жылда елді мекендерде бірде бір жұмыс орны пайда болмады, ауданның Кәсіпкерлікті дамыту картасы бойынша алға қойылған міндеттер орындалмады. Бұл жағымсыз үрдіс бизнесті дамытудың жалпы серпініне әсер ететінін айта кеткен жөн. Сондықтан Алакөл аудандық филиалы кәсіпкерлікті дамыту жоспарын орындау барысына ерекше бақылау  жүргізеді», – деп атап көрсетті филиал директоры, ауданның  қоғамдық  кеңесі мүшесі Мұхтар Адиков.

Қолдағы мәліметтерге қарағанда, Алакөл ауданында шағын және орта бизнестің 16 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ететін 3 864 субъектісі  тіркелді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер