«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның көлік саласының мамандары біліктілікті айқындайтын бірыңғай орталықтың құрылуын қолдайды

2014 жылғы 12 Наурыз
9110 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік сала мен әлеуметтік әріптестік Комитеті Хатшылығының сарапшылары көлік-логистика саласының кадр мәселе жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты. Шараны Kazlogistics, «Қазақстанның көлік саласы мамандарының Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.

Жұмыс берушілер мен оқу орындары өкілдері жиналған шарада маман дайындау ісіне шешуге қатысты мәселе қаралды.

Бүгінгі күні еліміздің көлік-логистика саласындағы маман дайындау ісінде түйткіл туындап отыр. Дәлірек айтсақ, біріншіден, бүгінгі білім беру жүйесі дайындаған мамандар, жұмыс берушілер талап етіп отырған үдеден шыға алмай отыр. Бұл - еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соғып отыр. Екіншіден, кәсіби-техникалық білім берудің қазіргі маман даярлау жүйесі қажетті деңгейдегі мамандарды даярлауға мүмкіндік бермейді. Бұл жаңа бағыттағы кәсіби мамандықтарды даярлауға сұраныстың барлығын көрсетеді, ал кейбір мамандықтардың мүлдем қажетсіздігіне байланысты, олар қорғайтын дипломдық жұмыстар маңызын жойып отыр. Үшіншіден, мемлекеттік органның бекітуімен көлік және логистика саласында біліктілік деңгейін арттыратын бірыңғай орталық құру қажеттілігі туындада. Екі салалық қауымдастықтың базасында біліктілікті айқындайтын тәуелсіз орталық құру жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмасы да бар.

Көлік-логистика саласындағы негізгі үдерісті ескере отырып, аймақтық еңбек нарығындағы кадр сұранысының бүгінгі түйткілі, сапалы маман даярлау ісі, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара байланысы талқыланды.

Жұмыс берушілер тарапынан отырысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ –ның «Теміржол персоналын дамыту және бағалау орталығы»,  «Қазтеңізтрансфлот» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «SCAT» әуе компаниясы, «Эйр-Астана» АҚ, «Әуекомпания» АҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда флоты» РМК, «Локоматив» АҚ, «Globalink Logistics Group» компаниясының өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер