«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Марапат иесін тапты

2016 жылғы 17 Маусым
- Шымкент қаласы
15597 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы, полиция генерал-майоры Молдияр Оразалиев «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

Кеше өткен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІІ съезінде ол осы жоғары марапатты ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қолынан алды. Генералдың Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлердің құқықтары мен еркіндігін қорғауды қамтамасыз етуге қосқан үлесі осылай жоғары бағаланды.

Молдияр Оразалиев басқаратын Кеңес Өңірлік палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі міндеттерін жедел әрі жүйелі шешу, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында бизнесті дамытудың проблемалық мәселелерін жарыққа шығару мақсатында құрылған болатын.

Екі жарым жыл ішінде Кеңес өңірлік бизнестің бірқатар өзекті проблемаларын шешуге, сан миллиондық шығындардың алдын алуға, кәсіпкерлер түрлі себептермен айтпай келген істерге қоғам тарапынан назар аударуға қол жеткізді. Кеңес М.Оразалиевтің төрағалығымен 14 отырыс өткізді, солардың нәтижелері бойынша түрлі саладағы кәсіпкерлік субъектілерінің 26 күрделі жүйелік проблемалары оң шешімін тапты.

Кеңес мүшелері отырыстарда кәсіпкерлердің өздерінің және өкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен бизнес субъектілерінің заңды мүдделеріне қысым жасауға байланысты нақты жағдаяттарды шешудің жолдарын талқылайды. Кәсіпкерлер осы алаңда шенеуніктерге тікелей шығу мүмкіндігіне  ие болып, өз проблемалары бойынша нақты сұрақ қоя алады. Кеңестің әрбір отырысының соңында оған қатысушылар қарар қабылдайды, соның негізінде Өңірлік палата қандай да бір кәсіпкерді қорғау және бизнестің жүйелік проблемаларын шешу үшін тиісті әрекетке кіріседі. Кеңес жергілікті атқарушы және өкілдік органдарына, құқық қорғау органдарының территориялық бөлімшелеріне кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Кеңеске генерал Оразалиев іспетті белгілі тұлғаның келумен ОҚО-да жауапсыз шенеуніктерге қоғамдық тосқауыл қойылды деп есептелінеді.

Өткен ғасырдың 70-80 жылдары белесінде Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІБ бастығы болған Молдияр Оразалиев бүкіл КСРО-дағы ең жас ІІБ бастығы саналатын. Қиындыққа толы 1990-жылдары  Молдияр Оразалиев – облыс ІІД бастығының орынбасары, ал кейіннен бастығы болды. Одан кейін ол ҚР ІІМ-де жұмыс істеді, Алматы және Қостанай облыстарының полициясын басқарды. Қызмет еткен жылдары құқықтану ғылымы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Соңғы жылдары, құқық қорғау кеңесіне келгенге дейін, Мәскеуде ТМД Лаңкестікке қарсы орталығы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұжымы генерал-майор Молдияр  Оразалиевті лайықты марапатымен құттықтайды, оған денсаулық және Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау ісінде табыс тілейді! 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер