«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рюкзакты да өзіміз шығарамыз

2016 жылғы 17 Маусым
- Ақтөбе облысы
7063 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкер әйелдер мектеп формасы мен рюкзактар шығаруды жоспарлап отыр

«Ерке сылқым» сән үйінде Мектеп киімі орталығының тұсаукесері өтті. Көрмеде қаланың 7 ірі ательесі өз өнімдерін көрсетті.

Шараны Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.

Баршаға мәлім, ҚР Білім және ғылым министрлігі өзінің бұйрығымен орта білім беретін ұйымдарға арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекітті. Құжатқа сәйкес, әрбір оқу орнының педагогтар мен ата-аналар комитеті бекіткен бірыңғай формасы болуы тиіс.

Жыл сайын, 123 мың оқушыны киіндіру үшін ақтөбеліктер 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсайтынын айта кеткен жөн, бұл ретте мектеп формасының 93%-ы жақын шетелден әкелінеді және тек 7%-ы осы өңірде шығарылады.

Тиісті жұмысқа кірісуге 7 ателье дайын отыр, кәсіпкерлер Ресейден мата алуға тапсырыс беріп те қойды. Арнайы ата-аналар комитеттерінің және облыс мектептері директорларының өкілдері үшін мектеп формасының үлгілерінен көрме ұйымдастырылды.

«Мектеп рюкзактарын, спорттық формалар тігу жайын да ойластыру қажет. Біз өзге елдерден кем емеспіз. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін барлық жағдай бар», – деп атап өтті қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова.

Көрме барысында ақтөбелік ательелер басшылары өздерінің  барлық проблемаларын, оның ішінде – форма тігушілер үшін салықтық жеңілдіктердің қажеттілігін тілге тиек етті.

«Қазақстанда мата өндірілмейді. Біз өзге елдерден, мысалы Бішкектен алып келуді қалаймыз, бірақ мектеп формасының ең соңғы құны ата-аналардың қалтасына лайық болуы үшін шығындарды қалай қысқартамыз?», – дейді «Келешек» ательесінің  директоры Бану Мырзағұлова.

Осы және басқа да сұрақтарға жауапты билік, шағын және орта бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасында өтетін дөңгелек үстел барысында табуға тырысатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер