«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табиғи өнімдер әрқашан бағалы

2016 жылғы 17 Маусым
- Маңғыстау облысы
11845 просмотров

Маңғыстау фермерлеріне ауыл шаруашылығы өнімін өңдеудің толық цикліне көшу  ұсынылды 

Осы және басқадай ұсыныстар Кәсіпкерлер палатасының «Маңғыстау» Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығы алаңында агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау мәселелері бойынша өткен кеңейтілген мәжіліс барысында айтылды.

Мәжіліс жұмысына «Маңғыстау» КҚО және «Агророст» фермерлер қауымдастығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері қатысты. 

«Маңғыстау» КҚО директоры Ақтан Исмаил өңірдегі ауылдардың дамуын тежейтін бірқатар түйткілді мәселелерді атап айтты.

«Өңір фермерлерінің бизнесін жүргізуді жақсарту үшін АӨК саласында жаңа технологияны енгізу – уақыт талабы.  Тек ауыл шаруашылығын жүргізудің осы заманғы тәсілдерін енгізе отырып, біздің аграршылар өз еңбегінің өнімділігін жақсартып, бәсекеге қабілетті бола алады», – деп атап өтті  А.Исмаил.

Мәжіліске қатысушылар АӨК саласына жастарды ынталандыру тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ фермерлерге мемлекеттік қолдау көрсету рәсімдерін қарапайымдандыру туралы да  әңгіме болды.

Пікірталас нәтижелері бойынша фермерлердің өзіне де, шаруа қожалықтарына да, мемлекеттік органдарға да  ұсыныстар жасалды.  Мысалға, түйе шаруашылығына өнімді өңдеудің толық циклі жағына ойысу ұсынылды. Түйе еті мен сүтін сату, шұбат, балқаймақ, ірімшік,  құрт өндіру, тері мен жүнді өңдеу фермерлерге өз еңбегінің зор жемісін көруді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар АӨК саласын  субсидиялау  бағдарламасын толығымен қайта қарау, ауыл шаруашылығы бизнес-жобаларын қаржыландыруға қойылатын талаптарды азайту, сондай-ақ аграрлық секторларға жас мамандар тарту үшін білім беру гранттарын қарастыру т.б. ұсынылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер