«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс заттары қамыстан жасалады

2016 жылғы 15 Маусым
- Шымкент қаласы
17168 просмотров

Отырар ауданының кәсіпкерлері қамысты өңдеп, одан құрылыс пен жиһаз құрастыруға пайдаланылатын тақтайлар дайындауды қолға алмақ

«Ақмерген» ЖШС өз өндірісін қамыс қалың өсетін Қарғалы ауылдық округінде ашқан. Бұған дейін аудан тұрғындары ол қамыстарды өртеп жіберетін.

Бүгінде цех құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтар орнатылуда. Өндіріс келесі жылы толығымен іске қосылады.

Бұл Қазақстандағы қамыс өңдейтін жалғыз өндіріс. Аталған жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму даму бағдарламасы шеңберіндегі Индустрияландыру картасына енгізілген. Осыған орай жалпы құны 622,3 млн теңге болатын кәсіпорын «Өнімділік – 2020» бизнесті қолдау бағдарламасының шеңберінде арзан мөлшерлемемен 320 млн теңге шамасында несие алды.

Жыл сайын мұнда 750 мың шаршы метр өнім шығарылып, 30-дай адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпорыннан шығатын қамыс тақтайлар жиһаздар жасап, ғимараттың іші мен сыртын қаптауға арналған.

Жоба басшылары жергілікті өнімнің Ресей мен Қытайдан келетін өнімдерге қарағанда арзан әрі сапалырақ болады деп сендіріп отыр. Экологиялық таза өнім болғандықтан, дайын өнімге қазірден-ақ сұраныс бар. Қазіргі таңда бірқатар тапсырыс берушімен келісім жасалыпты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер