«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өнімдер ғана қойылады

2016 жылғы 13 Маусым
11502 просмотров

Астанада отандық тауар өндірушілердің тауарларын сататын жаңа сауда үйі ашылмақ

14 облыстағы үш жүзден астам қазақстандық фирмалар мен компаниялардың өнімдерін 6 шілдеде Астана күніне орай ашылатын «Самғау» жаңа сауда үйінің сөрелеріне қойылмақ. «Барлық тауарлар мен қызмет көрсету түрлері «Қазақстанда жасалған» белгісімен ұсынылады және «Халық маркасы» халықтық сапа белгісін иеленеді», – деп хабарлады Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Қайырлы Тәукен.

Ол жалға алушылар үшін бірінші жыл тегін болатынын атап өтті. Алайда өндірушілер 300 мың теңгеге «Халық маркасы» белгісін сатып алулары қажет. «Бір рет», – деп сендірді Қ.Тәукен. Бұл оларға жарнама мақсатында белгіні екі жыл қатарынан тегін пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты.

Ал, 5000 шаршы метрлік дүкенге келер болсақ, ол Сауда кәсіпорындары қауымдастығының мүшесі – «НұрБереке-555» ЖШС заңды тұлғасына тиесілі.

Қ.Тәукен келтірген мәліметтер бойынша,өнімнің барлық түрлеріне қосылатын баға 3-тен 7%-ға дейін болады екен. «Баға жасауға тікелей әсер ететін кез келген делдалдық үстеме барынша аз мөлшерге есептелуде», – деп атап өтті ол. Сауда орнының иегерлері компаниялар мұнда жеке сауда кеңселерін ашып, шарттар жасап, келіссөздер жүргізіп, жарнамалық стендтерді безендіре алады деп уәде етуде. «Самғау» Алаш және Солтүстік тас жолдарының қиылысында, Қарағанды трассасының бойындағы «Магнум» супермаркетіне жақын маңда орналасқан.

Анықтама: Сауда кәсіпорындары қауымдастығы – коммерциялық емес ұйым, 1999 жылы құрылған, ҚР 14 облысында, Астана, Алматы, Омбы, Бішкек, Үрімші қалаларында филиалдары бар бар. Оған 75000 жеке тұлғаны біріктіріп отырған 40 заңды тұлға мүше.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер