«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сабақты ине сәтімен

2016 жылғы 10 Маусым
9370 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының арқасында тігін өнімдерін жеткізуші жаңа тапсырыс берушілерді тапты

Тігін өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындардың алдында тұрған проблемалардың бірі – өнімді өткізуді қамтамасыз ету. Отандық өндірушілер мен Батыс Қазақстан облысының жеткізушілерін қолдау, сонымен бірге оларды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компанияларының кепілдендірілген тапсырыстарымен қамтамасыз ету мақсатында БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанынан квазимемлекеттік компаниялардың сатыпалуларындағы жергілікті құрам үлесін арттыру жөніндегі Жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссияның алғашқы отырысы биыл мамыр айында өтті. Аталған комиссияның құрамына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының «Орал Ойл энд Газ» ЖШС, «СП «Степной Леопард, ЛТД» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ Батыс Қазақстан филиалы, «Гидроприбор» ҰЗИ» АҚ, «Зенит» Орал зауыты, сонымен бірге «Омега» прибор жасау зауыты» АҚ секілді өкілдері енген. Комиссия құрамына кіретін компаниялар бойынша биылға арналған тігін өнімдерін сатып алуға кеткен жалпы сома шамамен 15 млн теңгеге тең болды.

Кезекті отырыс кезінде БҚО тігін өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі «Тужилкин» ЖК өз өнімдерінің таныстырылымын өткізді. Таныстырылым кезінде ЖК директорының орынбасары Галина Тужилкина компанияның Қазақстан нарығында 1999 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқандығын айтты. Тігін цехы 2004 жылы құрылып, бүгінгі таңда арнайы киім өндірісі, формалар мен жеке қорғаныс құралдарын жасаумен айналысады. Өндірістің тағы бір бағыты – клиент талаптарына сай ПВХ қалқалары мен брезент перделер даярлау және жөндеу. Кәсіпорын ұдайы өз өнімдерінің ассортиментін арттыру жөнінде жұмыс жасайды және тапсырыс берушінің жеке талаптары бойынша арнайы киім тігуді жүзеге асыра отырып, өз өндірістік мүмкіндіктерін  кеңейтуге тырысады. «Тужилкин» ЖК тігін цехының базасында, сонымен бірге, жеке киім тігу ательесі жұмыс жасайды, онда матаға суреттер жабыстыру (машиналық кесте мен сублимация), отқа төзімді, камуфляждалған жұмыс, кәсіп және мектеп формаларын тігу бойынша қызметтер көрсетіледі.

Таныстырылымнан соң тігін цехының өнімдеріне «Орал Ойл энд Газ» ЖШС  қызығушылық танытты. Компанияның сатыпалулар мен логистика департаментінің бас инженері Қайрат Қарабаевтың айтуынша, «Орал Ойл энд Газ» тауар өндірушілермен жылдық қана емес, ұзақ мерзімді шарттарға отыруға дайын. «Кәсіпорындарды жаңғырту қажет. Өткізу нарығы болмай, жаңғыртуға инвестиция құю қиын екені белгілі. Ұзақмерзімді шарттар бұл проблеманы ішінара шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.

«Біз «Орал Ойл энд Газ» компаниясымен жеке кездесеміз, олар біздің өнімдеріміздің үлгілерін алып барып, көрсетуімізді сұрап отыр. Жұмыс тобының отырыстары біз үшін аса пайдалы екенін айтқым келеді. Бұл өте жақсы кездесулер, өнімді танысулар», – деді Галина Тужилкина.

Комиссия тұрақты негізде отандық тауар өндірушілер таныстырылымдарын өткізіп тұру туралы шешім қабылдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер