«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жарты миллиард теңгенің құқығы қорғалды

2016 жылғы 09 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
5918 просмотров

СҚО кәсіпкерлеріне 500 млн теңгеге тең құқықтық көмек көрсетілген

Кәсіпкерлер палатасында 2,5 жылдық жұмыстың қорытындысы шығарылды. Баспасөз конференциясы барысында журналистерге қол жеткен жетістіктер туралы айтылды.

Аталған уақытта ұйымға кәсіпкерлердің 9 мыңға жуық өтініштері келіп түскен, олардың 4 мыңға жуығы құқықтық сипатта. Бірінші орында салықтық әкімшілендіру, мәліметтерді беру функциясы бар кассалық бақылау машиналарын техникалық қамту, POS-терминалдар мәселелері, сондай-ақ, жыл сайынғы лицензиялық алымдарды төлеуге байланысты проблемалар тұр. Сонымен қатар, жер қатынастары, табиғи монополиялар (энергия желілеріне қосылу, техникалық шарттарды алу, желілердің қолжетімді қуаттылығы, орындар мен өткізу қабілеттері туралы сайтта қолжетімді және толыққанды ақпараттың болмауы) салаларындағы проблемалар да өзектілігін жоймай отыр. Ақшалай түрде өңір бизнесінің мүдделері 500 млн теңгеден астам сомаға қорғалған.

«Кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамытуға бөгет жасайтын әкімшілік тосқауылдарды қалыптастыратын жүйелік проблемаларды айқындауға ұмтылады, және де олардың көзін жою үшін кәсіпорындарға мониторинг жасау мақсатында Әкімшілік кедергілердің тізілімі құрылды. 2016 жылы Палата жергілікті деңгейдегі 23 әкімшілік кедергіні анықтады, олардың 16-ы оң шешімін тапты. Атап айтқанда, жарнама бойынша төлемақы мөлшерлемесі 2 есеге төмендетілді; коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелері – СҚО КП-ның талап қою мерзімін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартуға қатысты  ұсыныстарын ескере отырып қабылданды, табиғи монополиялар субъектілері кәсіпкерлерге алдыңғы және ағымдағы көрсеткіштері жазылған төлемақы шоттарын ұсынуға міндетті; жер учаскелерін жалға алу келісімшарттарына келісімшарт пәніне жатпайтын шарттарды (қорларға қаржы аудару) енгізу практикасы жойылды; мектепке дейінгі білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс келісімшарттары кәсіпкерлердің пайдасына өзгертілді. 6 кедергі (3 ӨКП-дан осыған ұқсас проблемалар туралы растау қағаздарын алған) ҚР ҰКП-на республикалық проблемалар тізіліміне енгізу үшін жолданды», – деп хабарлады өңірлік Кәсіпкерлер палатасының басшысы Тұрар Ысқақов.

Кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөнінде жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта Палата Дағдарысқа қарсы іс-шаралардың республикалық жоспарына өңір кәсіпорындарына нүктелік қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар енгізді. Аталмыш Жоспар аясында ұлттық және басқа компаниялармен өңірде жергілікті құрамды дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл меморандумдар аясында облыстың отандық тауар өндірушілерімен 14 млрд. теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасалды. 

Ауылшаруашылық өндрушілерін қолдауға қатысты қызмет. 2,5 жылғы жұмыс барысында Палата агроөнеркәсіптік кешендегі нормативтік-құқықтық актілерге 22 сарапшылық тұжырым жолдаған. 3 тұжырым қабылданып, НҚА жобаларының жаңа редакциясынан көрініс тапты. Атап айтқанда, астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтау жөніндегі жария келісімшарттың типтік формасының жобасына арналған барлық ұсыныстар қолдауға ие болды; мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін көтеруге арналған бюджеттік субсидияларды беруге үміткер тауар өндірушілерге қойылатын талаптар мен критерийлерді азайту бойынша ұсыныстар ішінара қабылданды; АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарды субсидиялау Ережелерінің жобасына берілген ұсыныстар қолдау тапты. Инвестициялық субсидиялау кезінде сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік қуатына қойылатын талаптарды төмендету жөніндегі ұсыныстар Инвестициялық субсидиялау ережелері жобасының соңғы редакциясына енгізілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аграрлық кооперацияны дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында облыста кооперацияның артықшылықтары туралы түсіндірмелік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда біздің өңірде 117 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс істейді, олардың ішінде 96 ӘКК (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация) 2016 жылы тіркелген (оның ішінде, 11-  астық және майлы дақылдар өндірісі бойынша, 83 – ірі қара мал өсіру бойынша, 2 – ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша). Тіркелу сатысында тағы да қосымша 6 ӘКК тұр. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары 50 ӘКК-ні әділет органдарынан тіркеуден өткізу кезінде құқықтық көмек көрсеткен. 26 ӘКК толығымен Палатаның сүйемелдеуі үшін іріктеліп алынған.

Бүгінгі таңда облыста 800-дей заңды тұлғалар қызмет атқарады және 3 мыңға жуық шаруа және фермерлік қожалықтар бар, оларда 130 мыңға жуық адам еңбек ететінін атап өткіміз келеді.

ҚР ҰКП Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жүргізген зерттеулер негізінде Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы әзірленді, сол бойынша өңірдің мамандануы айқындалды (оның ішінде әлеуеттік жағы да бар). Өңір ауыл шаруашылығының негізгі секторы – өсімдік шаруашылығы болып табылады. Өнеркәсіптің ¾-ке жуығы өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі, олардың арасында тағам саласына 61,2%-ы сәйкес келеді. Оңтайлы географиялық орналасуы, автожолдардың жоғары тығыздығы, транссібір және трансазиялық жолдарды қосатын ірі теміржол торабының болуы өңірге жоғары транзиттік әлеует береді. Пайдалы қазбалар қоры өңірде тау-кен саласын дамытуға қолайлы. Көптеген кен орындары бос тұр. Кең таралған және өңделуге жататын қазбалардан құралған 114 жер қойнауының тізілімі бар.

Өңірлік карта аясында жалпы сомасы 7 млрд. теңге тұратын 100-ден астам инвестициялық жобаны зерттеу және сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі, олардың ішінде 5 жоба қазіргі уақытта Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі тарапынан қаржыландыруды күтіп, зерделеу сатысында жатыр.

СҚО  КП 2013 жылдың аяғында құрылғанын еске саламыз. Оның негізгі басымдықтарының қатарында: бизнес субъектілерінің заңды мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік қызметті дұрыс жүргізуге бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді азайту, облыста бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін талдау, сондай-ақ, тариф қалыптастыру, кәсіпкерлерге арналған қаржылық құралдардың қолжетімділігі, адам капиталын дамыту (дуальдық білім беру) мәселелері бар. Аталған бағыттар бойынша құзыретті және дер кезінде көмек көрсету үшін Палатада үш блок құрылып, қызмет етеді: құқықтық, экономикалық және әлеуметтік.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы – өңірдегі құзыретті сарапшылар орталықтарының бірі, ол «бизнес-бизнес», «бизнес-билік» жанжалдарын шешуге көмектеседі, сонымен қатар іскерлік ортада болып жатқан үрдістер туралы ақпараттың объективті көзі, бизнес-климатты жақсартудың бір құралы болып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер