«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау - түрік инвесторларының назарында

2016 жылғы 09 Маусым
- Маңғыстау облысы
14629 просмотров

Түркияның Ақтаудағы бас консулы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Естеріңізге салсақ, түрік кәсіпкерлері Маңғыстауда бұған дейін де бірқатар жобаларды жүзеге асырған болатын, ал қазір олар өз бизнестерін осында жалғастыруды көздеп отыр. Қонақтар, ең алдымен, өңірдің инвестициялық тартымдылығы мәселелеріне назар аударғандықтан, қолайлы инвестициялық климат, жеңілдіктер түрі, Маңғыстау дамуының басым бағыттары тақырыптары талқыланды.

«Маңғыстау» қызмет көрсету орталығының директоры Ақтан Исмаил түрік дипломаты Қорхан Кюнгерюді орталықтың басты бағыттарымен таныстырды.

«Бүгінде біздің орталық кәсіпкерлерге консалтинг, маркетингтік зерттеулер, жобаларды қолдау, бизнес-оқыту және инвесторлармен жұмыс жасау бойынша тегін қызметтер көрсетеді», – деді КҚО басшысы Ақтан Исмаил. Сонымен бірге, Түркия Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін және соған байланысты Маңғыстау бизнес-қоғамдастығы дәл түрік инвесторларын тартуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Түркия Республикасының бас консулы, өз кезегінде, оның өңірге келуінің басты мақсаты – екі жақты экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту екенін сөзге тиек етті. Оның сөзінше,  қарқынды дамып келе жатқан Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуеті түрік кәсіпкерлері үшін аса тартымды. Оларды мұнай-газ секторынан бөлек, теңіз портының, жылыжай қожалықтарының, аквамәдениеттің, бюджеттік туризмді және т.б. дамыту мүмкіндігінің болуы қызықтырады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер