«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

40 жоба сараптаудан өтті

2016 жылғы 08 Маусым
- Ақтөбе облысы
7187 просмотров

«Ауыл кәсіпкерлігі» шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу бағдарламасы аясындағы Несие комитетінің мүшелері құны шамамен 223 млн болатын 40 жобаны мақұлдады

Бұл туралы palata.kz-ке Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов хабарлады.

Еске салсақ, «Ақтөбе Invest – 2016» 3-халықаралық инвестициялық форумы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ, ҚР Ақтөбе облысы әкімдігі және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-мен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандум облыстағы ауылдық елдімекендер, моно, шағын қалалардағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін микронесиелеуді қарастырады. Бұл келісімді жүзеге асыру үшін әр тарап 300 млн теңгеден бөліп, нәтижесінде микронесиелеудің ортақ қоры 900 млн теңгеге тең болған.

Бағдарламаның басты мақсаты – банк секторының мүддесінен тыс қалатын ауыл шаруашылығы саласын қамту, микроқаржылық қызметтер аясын кеңейту, олардың сапасын арттыру, сонымен бірге салықтық базаны арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру.

Несиелеудің бұл түрінің ерекшелігі ретінде өтінімнің тез арада қаралуы мен шағын сомасында екені белгілі.

«Бағдарлама басталғалы ӨКП Несие комитетінің 4 отырысы өтіп, онда жалпы құны 229,8 млн теңгеге тең 42 жоба қаралған. Олардың 40-ы мақұлданған. 4 кәсіпкер 50 млн теңгелік несиеге ие болып, өз жобаларын жүзеге асыруды бастап кетті», – деп хабарлады ӨКП директоры.

Олардың қатарында «Миялытау» ЖШС бар, ол несиеге алған 15 млн теңгеге жанар-жағармай материалдарын және егу шараларына арналған қосалқы бөлшектер сатып алған. Қарғалы ауданының тұрғыны Айбек Сансызбаев алған 10 млн теңгесіне 75 мың бүлдірген көшеті мен тамшылай суару жүйесін сатып алған. «Сұңқар» шаруа қожалығының басшысы мал шаруашылығы базасын кеңейтіп, ірі қара мал мен ұсақ мал сатып алған. «Қаршыға» ШҚ иесі сиыр қора құрылысын бастап, мал басын көбейткен. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер