«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балаларға базарлық

2016 жылғы 06 Маусым
- Жетісу облысы
9990 просмотров

Алматы облысындағы аудан кәсіпкері балаларға арналған ойын-сауық саябағын салды

Өздерінің «Диснейлендін» аудан тұрғындары асыға күткен еді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні бизнесмен Сайфуллам Хамраев балалар мен ересектерге нағыз мереке тарту етті.

Жаңа парк Шонжы ауылының орталығында орналасқан. Балалар мен оқушыларға арналып футбол алаңы салынып, аттаркциондар мен батуттар қойылған. Бұл жерде бүлдіршіндер мен кішкене балалар ғана ойнап қоймай, олардың ата-аналары да уақыттарын тиімді өткізе алады. Кәсіпкердің айтуынша, демалыс орны күнде ашық болады. Айта кетерлігі, парктің салынуына Кәсіпкерлер палатасы филиалы да қолдау танытқан. Ұйғыр аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мүслім Амангелдінің айуынша, Сайфуллам Хамраевқа бизнес-жоспарды ӨКП мамандары әзірлеп берген.

«Кәсіпкердің бизнесте тәжірибесі болғанымен, ол «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша тегін курстан өтті. Сондай-ақ, оған кеңес беріліп, жобаның бизнес-жоспары әзірленді. Нәтижесінде, бизнес-жоспар мақұлданып, мемлекет тарапынан 3 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді», – деді М.Амангелді.

Жаңа паркке бір мезгілде мыңнан астам келуші сыяды.

«Жаңа парктің ашылуы – тұрғындар үшін үлкен жаңалық болды. Әсіресе балалар мәз, өйткені олар жазғы демалыстарын осы жерде өткізе алады. Барлығы дән риза. Бұл біздің басты ісіміз», – деп атап өтті кәсіпкер.

Ондай-ақ, бұл күні аз қамтылған отбасылардың балалары аттракциондарға тегін кіргізілді. Одан кейін аудан бизнесмендері қайырымдылық мақсатта 160 оқушыны тамақтандырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер